Танымал әншінің өз тойына киіп барған киімі көпшілікті таңқалдырды (фото)
Танымал айтыскер ақын, әнші Төреғали Төреәлi 26 қараша күні отбасын құрды. Бұл туралы neke.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Бұл жайлы Төреғалидың әнші достары Еркін Нұржанов пен Дастан Оразбеков және танымал асаба Нұрлыбек Ерғалиев Instagram әлеуметтік желісінде жазған.
Төреғалидың сүйіп алған жұбайының есімі - Толқын Тұрарбекқызы. Білуімізше, әзірге Толқынның үйінде қыз ұзату тойы өткен. Үйлену тойы алдағы уақытқа жоспарланған.
Ал Instagram желісінің қолданушылары күйеу жігіттің тойға дұрыс киініп келмегенін сынады. Нақтылай түссек, Төреғалидің тойға қызыл түсті жейде киіп келгенін әншінің тыңдармандары жақтырмай қалды.
Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі "Іздеме", "Бол жанымда", "Қазақ жастары" әндерімен халыққа танылған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу