Шоу-бизнесте екінші әйел атанған жұлдыздар кімдер?
Шоу-бизнес өкілдерінің өмірі үнемі жұрт назарында. Олар туралы алып-қашпа әңгімелер мен қаңқу сөздер жұрт арасында өте көп.
Мәселен, өнерде жұлдызы жанған қазақ қыздарының өмірде де жұлдызы биікте ме деген сауал көптің көкейінде жүр. NUR.KZ жарының екінші әйелі деген атқа ие болса да, өмірде өз орнын тауып, бақытты ғұмыр кешіп жатқан эстрада жұлдыздарына шолу жасады.
Гүлнұр Оразымбетова
Белгілі мемлекет қайраткері, саясаткер, Қызылорда облысының әкімі, ҚР президентінің кеңесшісі, ҚР пеарламенті мәжілісінің депутаты секілді т.б. көптеген лауазымды қызметтер атқарған Серікбай Нұрғисаевтың екінші жары.
Ол Гүлнұрдан 21 жас үлкен болғанымен, екеуі көңіл жарастырып, бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр. Серікбай Нұрғисаевтың бұған дейінгі отбасы туралы ресми деректер жоқ.
Сандуғаш Стамғазиева
Фото. yvision.kz
Шәкірт пен ұстаз арасындағы қатынас үлкен сезімге ұласып, арадағы жас ерекшеліктеріне қарамастан Сандуғаш Стамғазиева мен композитор Алтынбек Қоразбаев көңіл жарастырып, отбасын құрды. Бүгінде олар екі қыз тәрбиелеп отыр. Осылайша, Сандуғаш Алтынбектің екінші жары.
Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: comode.kz
Отбасылы адаммен көңіл қосқанын ешқашан жасырмаған Ләйлә Сұлтанқызы бүгінде көптеген қыз-келіншіктерге өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісу үшін кітап та шығарды. Өмірдің түрлі сұрақтарына жауап іздеген жандарға ол өзіндік кеңес беріп, оларға жөн сілтеуге тырысып бағып жүр. Өзінің авторлық «Әйел бақыты» бағдарламасы да дәл осы әйелдердің тағдырына ықпал ету мақсатымен ашылған.
Алтынай Жорабаева
Фото: baistars.kz
Бастапқыда жұрт әдемі жұлдызды жұп Алтынай Жорабаева мен «Бауыржан-Шоу» театрының актері Сәбит Әбдіхалықов және «Ұят болмасын» телебағдарламасында келін рөлін сомдаушы сылқым Айгүл Иманбаева арасында қандай байланыс барын ұзаққа дейін түсінбей жүрді.
Фото: baistars.kz
Кейіннен олардың арасындағы байланыс тым шиеленіскен екенін олардың өздері-ақ халыққа жайып салды. Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші жары – Айгүл, ал екіншісі – Алтынай екені белгілі болды.
Айнұр Тұрсынбаева
Фото: Instagram
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваны екінші рет жар атанды деушілер көп. Ел арасында Тұрсынбаеваның таэквондо федерациясының бұрынғы президенті Шамсат Исабековке тұрмысқа шықты деген ақпар бар. Ақын өзінің жеке өмірі туралы көп айта бермейді.
Мақпал Жүнісова
Фото: qamshy.kz
Халқының, жан жарының да еркесі Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің екінші жары болғанын бүкіл халық біледі. Бірақ оның жеке өмірінің осы тұсы оның халық алдындағы беделін түсірді деп айта алмаймыз.
Жоғарыда айтқан деректер бұл жұлдыздардың халық алдындағы еңбегі мен абыройын жоққа шығара алмайды.