Басшылыққа келген екі директордың да сахнада өзіндік орны бар, қалың көпшіліктің көңілінен шыққан әртістер деп хабарлайды baistars.kz.
Әуезов театрының жаңа басшысы болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләл тағайындалды.
Ал Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа басшысы — актер Сәбит Әбдіхалықов.
Ол 1992 жылы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтына “Драма және киноактер” мамандығына түсіп, кәсіби деңгейдегі актер мамандығын игерген.
Кішкентайынан “Тамашаны” көріп өскен ол оқу бітірген соң “Бауыржан шоуға” барады. “Тамашада” да, “Бауыржан шоуда” да өнер көрсетіп, кейін 2003 жылы Жанатбек Бәйтеков екеуі “Мафия мен Тақия” театрын ашты.
Көпшілік актер ретінде ғана танитын Сәбит Әбдіхалықов 25-ке жуық сахналық қойылым – сатиралардың авторы. 2007 жылы ашылған “Қазығұртфильм” кино студиясының директоры.
Кино саласындағы білімін Америкаға барып жетілдіріп келген актер “Қанталапай”, “Любовь в кредит”, “Біздің ауыл Воо” сияқты киноларды түсірген.