Роза Рымбаева марқұм күйеуімен қалай танысқанын айтты

Роза Рымбаева марқұм күйеуімен қалай танысқанын айтты

Роза Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқаповпен қалай танысқанын айтып берді. Ол Тасқын Оқаповпен кездеспегенде, сахнада Рымбаева болып жүрмес едім, дегенді алға тартады.

Роза Рымбаева марқұм күйеуімен қалай танысқанын айтты

Бұл туралы Ұлттық арнаның "Дара жол" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Егер Тасқын болмағанда, сахнада, өнерде жүрмес едім. Себебі алғаш Алматыға келіп, байқауға қатысқан кезде менің концерттік костюмім де болмаған. Мен мектепке киіп жүрген ақ көйлегіммен, ақ босоножкаммен үлкен оркестрмен байқауға қатысқам. Менімен сайысқа түскендердің бәрі - ересек әншілер. Киімім де жоқ. Осылай ән айтып, жеңіп шыққан кезде залда Тасқын отырған ғой", - деп еске алады Роза Қуанышқызы.

Халық артисінің айтуынша, Оқапов ол концертте кездейсоқ көрермен болып отырған. Сөзіне қарағанда, Тасқын мырза оркестрде отырған музыканттармен бильярдқа баруға уәделескен. Соларды күтіп отырған кезінде алғаш рет Розаны көрген. 

"Роза Алматыға алғаш рет көркемөнерпаздар фестивалінің қатысушысы ретінде 1975 жылы келген еді. Оны алғаш көргенде осындай ғажайып дауыс иелері де болады екен-ау деп таңдандым. Министр Еркінбеков мені үш рет шақырды. Сосын келістім. Бірақ "Семейдегі әнші қыз Роза келсе ғана жұмыс істеймін" деп шарт қойдым", - деген болатын марқұм Тасқын Оқапов бұрын берген сұхбатында. 

Осылайша Роза Рымбаева Тасқын Оқаповтың шақыртуымен Алматыға келген. Бірнеше байқауға қатысқаннан кейін, екеуі отау құрған. 

"Тасқын екеуміз 23 жыл өмір сүрдік. 23 жыл бойы мен Тасқынның мектебімен сахнада жүрдім. Кәсіби білім алдым. Сонымен Рымбаева болып шыға келдім", - дейді әнші. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста