Елімізге танымал сазгер Жарылқасын Дәулет атышулы продюсер Баян Алагөзованың көпшілікке ұсынған жобаларына қарсы шықты деп жазады "Хит-тв" арнасының "Headliner" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Композитор көгілдір жәшіктен көрсетілетін отандық туындыларға қатысты ойын жасырмай, жайып салды.
"Ғибратты фильмдер түсіргеніміз дұрыс. Қазір қазақ ұлтын азғырудың неше түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Баян Алагөзованың түсіріп жатқан фильмдерінің барлығы елді азғыруға қызмет етіп жатыр. Оған қаржыны кім беріп жатқанын білмеймін. Бірақ, өте үлкен қаржы келіп жатыр. Біз осыларға қарсы, ғибратты фильмдер түсіруіміз керек", - деді мәдениет қайраткері Жарылқасын Дәулет.
Айта кетейік, Баян Алагөзова осыған дейін халыққа өзі продюсерлік еткен бірнеше фильмдер мен сериалдарды ұсынған болатын.
Олардың көбісі жұрттың көңілінен шықса, "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" сериалы сәтсіздікке ұшырады.