Қазақстандықтар Шакира мен Бейонсе "әпшелерінен" ескі киімдерін сұрады

Қазақстандықтар Шакира мен Бейонсе "әпшелерінен" ескі киімдерін сұрады

Әлемге танымал жұлдыздар Бейонсе мен Шакираның Instagram желісіндегі ресми парақшасына қазақстандық қолданушылар қалдырған пікір көпшілікті таң қалдырды.

Атап айтар болсақ, әлемдегі ең табысты әншілердің көшін бастап тұрған Бейонсенің парақшасындағы суреттердің біріне қазақ тіліндегі қолданушы қысқарып қалған көйлектерін жіберуді өтініп, пікір қалдырған.

"Сұлусың ғой, Бейонсе! Өтінемін, кішірейіп қалған көйлектерің болса маған жіберші, күтемін!" деп қазақ тілінде пікір жазыпты.

Одан бөлек, әйгілі Шакираны Қазақстанға, оның ішіне Таразға қонаққа шақырған қолданушы әншіні "әпше" деп атапты.

"Шакира әпше, сіз алтынсыз ғой! Таразға кеп қайтсаңыз жақсы болатын еді. Если че, связдамыз" деп пікір қалдырған қазақ тілді қолданушы.

Instagram желісіндегі әлем жұлдыздарының ресми парақшасына қазақша пікір қалдыратындар көптеп кездеседі.

Мәселен, жақында әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен ара-қатынасын үзген Ирина Шейктің парақшасына қолданушылардың бірі мынадай сұрақ жолдаған: "Ал Ирина, Криштианмен ажырасып кетті деп естіп жатырмыз. Неге ажырастыңдар?".

Жоғарыда жазылған пікірлер көпшіліктің күлкісін туғызуда.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста