Қазақстандық жұлдыздар балаларына қандай есім береді
Қазақстандық шоу-бизнесте нағыз бэби-бум орын алды. Жұлдыздардың шаңырағындағы жағымды жаңалықтармен соңғы кездері жиі бөлісіп жүргеніміз өздеріңізге аян. Ал танымал ата-аналар балаларына қандай есімдер беріп жатыр? Comode.kz анықтап көрген екен.
Динара Қырықбаева
Динара Қырықбаеваның қызы әлі бір айға да толмады, ол 28 қаңтарда туылды. Динара күйеуі Олжаспен қыздарына қандай есім беретіндерін ұзақ ойланғандарын айтады. Олар қарапайым, бірақ нәзік есімді таңдағылары келіпті. Нәтижесінде қыздарын Айша деп атапты, бұл есімді күйеуі жағынан атасы ұсынған екен. «Ол өзі аппақ, кірпіктері ұзын, меніңше, бұл ат оған жақсы жарасады», – дейді Динара.
Әсем Жәкетаева
Қаңтар айының соңында әнші әрі актриса Әсем Жәкетаева да ана атанды. Әсем қыздарына есімді отбасы болып таңдағандарын айтады: «Біз ол үшін Whatsapp-та арнайы топ аштық, барлық туыстарымызды сонда жинап, ең әдемі атқа байқау жарияладық. Осылайша бес нұсқа таңдап алып, ішінен Айсана атын таңдадық. Қызымызды солай атадық».
Сәкен Майғазиев
14 қаңтарда әнші Сәкен Майғазиевтің отбасында қыз бала дүниеге келді. Сәбиге есімді бүткіл ел болып таңдадық. Майғазиев Инстаграмдағы оқырмандарына әдемі есімдерді ұсынуды сұрады. Нәтижесінде 7000-ға жуық есімдер нұсқасы түскен. Солардың ішінен әншіге Мәриям, Аруназ, Зере деген есімдер ұнаған. Алайда Мәриямды одан бұрын ұлы Әділет ұсынған екен. Осылайша Сәкен Майғазиев Мәриям атына тоқталған. Естеріңізге сала кетейік, Сәкен мен оның жары Динараның Әділет есімді ұлы және Райана есімді қызы бар.
Әсем Нұрсеитова
Әшекейлер дизайнері Әсем Нұрсеитованың қызы 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнінде туылды. Сәбиге Айым есімі берілді. Бұл есімді Нұрсеитованың үлкен қызы Данеля ұсынылған тізімнен таңдаған. «Біз таза қазақша есімдерді таңдадық. Ол қазақша да, орысша да бірдей дыбысталуын қаладық. Сонымен қатар қысқа-нұсқа және еркелететіндей мағына берсе деген болатынбыз. Меніңше, балаға ерекше немесе сәнді ат беруге тырысудың қажеті жоқ. Дегенмен бұл іске аса жауапты болу керек», — дейді Әсем. Айта кетейік, дизайнер Әсем мен оның жолдасы Радживтің отбасында Әлихан есімді ұлы және Данеля есімді қызы бар.
Арстан және Әйгерім Мырзагереевтер
Арстан мен Әйгерім Мырзагереевтердің қызы да 1 желтоқсанда дүниеге келді. Сәбиге қандай есім береміз деп жұп көп ойланған сыңайлы. «Қызымыздың аты біздің атпен байланысты болғанын қаладық. Көптеген нұсқаларды қарастырдық. Нәтижесінде күйеуім Айару деген атқа тоқтады. Мағынасы – «айдай сұлу». Өзіміз қалағандай, онда біздің аттарымыздың бөлшегі бар – АЙгерім және АРстан. Айару – әкесінің қызы, Арстанға түрі де, мінезі де ұқсайды», – дейді жас ана.
Бүркіт
Осы жылы әнші Бүркіт жұбайынан үздік жаңажылдық сыйлық алды. Қаңтар айының басында Аиша екінші ұлын дүниеге әкелді. Ұлдарына жұп Омар деген ат берді. Бұл есімді Бүркіттің әкесі қойған екен. Аиша мен Бүркіттің үлкен ұлдары екі жаста, есімі – Зейін. Тұңғышы дүниеге келгенде Бүркіт әйеліне джип автокөлігін сыйлаған еді, екінші ұлына әнші Аишаның қалаған затын әперемін деп отыр.
Нұржан Керменбаев
Әнші Нұржан Керменбаевтың да әке атанғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Әншінің жұбайы оған ұл сыйлады. Сәбиге Мүсілім есімі берілді. Бұл есімді Нұржанның анасы ұсынған екен, араб тілінен «мұсылман» деген мағына береді. Нұржан қаншалықты бақытты екенін айтып жеткізе алмайтынымен бөлісті. Одан бұрын әншінің анасы қатты қуанған, себебі ол бірінші рет апа атанды.
Сонымен қатар, актер Нұржан Төлендиевтің де алтыншы сәбиі дүниеге келіп, оған Таулан есімі берілгенін жазғанбыз. Ал Қалқаман Сарин бесінші сәбиіне Фариза Оңғарсынова аманат етіп кеткен Алдияр есімін берді.