"Қазағым, сенің ғана ұланыңмын": Әбдіжаппар Әлқожа халыққа өлең арнады
Қазақты "қара" дегені үшін оңбай сөз естіген Әбдіжаппар Әлқожа бұл жолы халыққа өлең арнады. Ол қанша сынға іліксе де, қазақтың ғана ұлы екенін жыр жолдары арқылы жеткізген, деп жазады Stan.kz.
"Қазағым сенің ғана ұланыңмын,
Өзіңсің қайырмасы мың әнімнің.
Тілгілеп ту сыртымнан жатқандарға,
Қасқайып қарсы қарап тұрар ұлмын.
Қағынып қанша мерген оқ атса да,
Қағынан жерімейтін құланыңмын", - дейді Әбдіжаппар.
Әншінің бұл жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандардың бір тобы оның сөзіне әлі де ренжулі екенін аңғартса, екіншілері демеп, қолдау көрсетті.
"Сен қазақ емес қожамын деп едің ғой, енді жағымпазданбасай", - деп әншінің бетін қайтарды оқырманның бірі.
"Сағың сынбасын, балам! Бәрі өткінші, уақыт емші! Алтын басың аман болсын! Ашуы басылмағандарға Алла ынсап берсін!" - деп қолдады екіншілері.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу