Қайрат пен Жанар бір-бірін түсінді ме? (видео)

Қайрат пен Жанар бір-бірін түсінді ме? (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын оқырмандарға Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалованың бірлесіп бейнебаян түсіріп жатқандығын хабарлаған болатынбыз. Енді міне, қос әншінің көрермен үшін әзірлеген музыкалық сыйлығы да көпшілік назарына ұсынылды.

Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова «Сен мені түсінбедің...» әніне бейнебаян түсірді. Бұл ән Қайрат Нұртастың репертуарындағы хиттердің бірі. Нәзік сеземге толы романтикалық әнге әнші жұптың түсірген бейнебаяны да әсерлі үйлесім тапқан.

Қайрат пен Жанар қазіргі қазақ эстрадасында жұлдызы жанған өнер иелері. Білуімізше, Қайрат Нұртаспен бірігіп бейнебаян түсіру Жанар Дұғалованың продюсері Баян Мақсатқызының идеясы екен. Баян ханым Қайраттың продюсері Гүлзира Айдарбековаға бірігіп бейнебаян түсіруге ұсыныс жасаған екен, ол кісі қабыл алыпты. Бейнебаянның шығынын екі жақ теңдей бөліп алған көрінеді. Дәл қазіргі кезде Жанармен бірге дуэт жазып, бейнебаян түсіргісі келетін әншілер көп. Солардың бірі белгілі әнші Айқын Төлепберген. Айқынның продюсері Эрик Тастанбеков те Айқын Төлепберген мен Жанар Дұқалованың дуэтіне бейнебаян түсіруді жоспарлап жүр екен.
Ал біз әзірге Жанан Дұғалова мен Қайрат Нұртастың эфирден енді көрсетіле бастаған «Сен мені түсінбедің...» әніне түсірілген бейнеклипті өнерсүйер қауымның назарына ұсынып отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста