Продюсерімен отасқан қазақстандық жұлдыздар

Продюсерімен отасқан қазақстандық жұлдыздар

Қазақстандық әртістердің ішінде шығармашылығымен қатар шаңырағын да бөлісіп отырған жарасымды жұптар баршылық. Продюсерінің айтқанын тұрмыста да екі еткізбеуге тырысатын өнер жұлдыздарын NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаева

таскын роза

1976 жылы музыкант Тасқын Оқапов жас әнші Роза Рымбаеваны атақты “Гүлдер” ансамбліне шақырады. Кейіннен ол “Арай” ансамблінің негізін қалайды.

Бірақ, Тасқын Оқапов Роза Рымбаеваның өнердегі ұстазы ғана емес, өмірлік серігіне де айналады. Өмірінің соңғы деміне дейін Тасқын Оқапов сүйікті жарын барлық келеңсіздіктерден қорғап, аялап өткен.

роза

1999 жылы Тасқын Оқапов тосыннан қайтыс болады. Атақты продюсердің артында ұлдары Әли мен Мәди қалады. Қазірде олар әке-шешесіне ұқсап, музыка саласына бет бұрған.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина

каракат пен кыдырали

Қалың көрерменнің көзайымына айналған жұлдызды жұптардың ішінде Қыдырәлі мен Қарақат көш бастап тұр. Қос ғашық 1996 жылы кездесіп, екі жарым жыл бойы аға мен қарындас секілді араласып тұрған. Қыдырәлі өзінің концерттік сапарларына болашақ жарын домбырашы ретінде ертіп жүрген.

каракат кыдырали tengrinews.kz
Бүгінде Қыдырәлі мен Қарақат еліміздің мәдениетінің дамуына зор үлестерін қосып жүр.

Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаева

алтынай сабит жас кез

Өнер адамдарының ішінде продюсерімен отасқан тағы бір әнші – Алтынай Жорабаева. Сәбит Әбдіхалықовпен тұрмыс құрған әртістің қазір төрт қызы бар.

Сәбиттің айтуынша, Алтынай өнерге қарағанда отбасына, балаларына, үй шаруасына ұқыпты, жауапты адам. Алғаш көргенде оның дарыны мен дауысына қызыққан екен.

алтынай сабит казир

Алтынайдың пікірінше, Сәбит үшін басты орында жұмыс тұрады. Сондықтан келген туыстарына: «Алтынайдың келін болып сендерге шай құйып сызылып отыратын уақыты жоқ», – деп, оны жетектеп үйден шығып кететін көрінеді.

Парвиз Назаров пен Әлия Есенова

парвиз алия есенова

Тағы бір танымал жұлдызды жұптардың бірі – Парвиз Назаров пен оның продюсері Әлия Есенова. Олар 1991 жылы Парвиз «Азия дауысына» қатысуға келгенде танысып, бір-бірін ұнатып қалған.

Қос ғашықтың отасуына алғашында Әлияның әкесі қарсы болған көрінеді. Бірақ, мерейлі отбасының шаңырақ көтергеніне 20 жылдан асып кетті.

Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров

нурмышева

Баян Нұрмышеваның продюсері Ерлан Орынбасаровпен жұбы жазылмай жүретінін тыңдармандар байқап қойды. Бірақ әнші продюсері екеуін сөз еткен тыңдармандарға  «арамызда ешқандай сезім жоқ, тек әріптеспіз» деп мойындамай келген болатын.

Кейіннен әнші продюсері Ерлан Орынбасаровпен неке қиғанын әлеуметтік желіде жариялап, жұртшылықтан кешірім де сұраған.

баян нурмышева муж
«Аллахымның «әр қиындықтың артында жақсылығы бар» дегені осы болар. Бүгінге дейін сіздердің ойларыңызға жаман ой тастаған болсақ, бірінші Аллахтан, сосын сіздерден кешірім сұраймыз», – деген еді Нұрмышева.

Айдана Меденова мен Әлішер Нұржанов

айдана меденова алишер нуржанов

“КешYou” тобының бұрынғы әншісі, сәнгер Айдана Меденова да  FM, Indigo топтарының продюссері Әлішер Нұржановқа ұзатылды.

Бір қызығы, Айдана ұзатуға да, үйлену тойға да өзінің бұрынғы продюсері Баян Есентаеваны шақырмаған. Әлеуметтік желіні қолданушылар тарапынан «Неге шақырмадыңыз?» деген пікірлер көптеп жазылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста