Өз есімдерін өзгерткен отандық жұлдыздар кімдер? (фото)
Есмідерін жасырған жұлдыздар тізімін Ztb.kz сайты жасаған болатын.
Лана
Скрипка мен поп-музыкаға машықтанған әртіс Лананың шын есімі – Корлана Кунсеркина. Лана әлемді аузына қаратқан Ванесса Мэйден сәл ертерек сахнаға шыққан.
Оның лақап аты әлем жұртшылығына айтуға жеңіл етіліп ойластырылған. Бүгінде қазақстандық скрипкашы өз шеберлігін айтарлықтай шыңдап үлгерді.
Жақында Лана жаңа бейнеклип түсіру үшін Алматыға келді.
Бота
Әнші Ботагөз Жанғабылова есімін Бота деп қысқартып, R&B мен soul-ды таза ағылшын тілінде орындауға машықтанған. Ботагөз өз есімін бұлайша қысқартуының себебін де жасырмады.
“Жақсы естіледі, қысқа, тез және оңай есте қалады”, – дейді Ботагөз. Бота әндері тек ағылшын тілінде болғасын Қазақстанда айтарлықтай танымал емес. Бүгінде ол АҚШ-та тұрады.
Бүркіт
Бұл әнші қазақ шоу-бизнесіне Айбек Сейітов ретінде енсе, осындай танымалдылыққа ие болар ма еді? Оның әншілік қабілеті, әрине, бірталай жетістікке жеткізеді.
Десек те сәтті таңдалған лақап аты да өз септігін тигізгені анық. Бүгінде Айбек өзінің жары Аишамен сахна төрінде жүр.
Лидо
Әнші әрі дизайнер Лидо лақап атын өзінің есімі мен тегінің алғашқы буындарынан құрастырған. Оның шын есімі – Лидия Досалина.
Жаңа есім оған шығармашылық пен жеке өмірде сәттілік әкелді. Жақында Лидо үшінші рет ана атанбақ.
Шико
Графиня де Монсоро туралы кітапта Шико есімді сайқымазақ кейіпкер бар. Ол шын мәнісінде патшаның шешімдеріне әсер ететін “сұр кардинал” еді. Мұндай лақап атты әншіге продюсері Әділ Жамбакиев ойлап тапқан. Шиконың шын есімі – Равшан Саидходжаев.
Шоқан Маратұлы
All Davay тобының үздіші Шухрат Умаров бүгінде сахнаға Шоқан Маратұлы деген есіммен шығып жүр.
Ол Шухрат есімімен елде танымал болып үлгергеніне қарамастан, өз есімін 9 жыл бұрын ауыстыруға бел буады.
All Davay-ды өз тыңдарманын тапқан топ деуге болады. Есімін ауыстырғанына қарамастан, Шоқан өнерімен ел сүйіспеншілігіне бөленіп жүр.
Бұдан өзге кезінде лақап атпен көпшілік алдына шыққан отандық жұлдыздарды да атап өтуге болады. Мәселен «Дауыс International» тобының қатысушысы Әсел Сәдуақасова бастапқыда тыңдармандарына өзін Аяри деп таныстырса, Duet L орындаушысы Лариса “Искра” лақап атын таңдаған.
Айта кетерлігі, қазақ ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлихановтың да есімі ойдан шығарылған. Оның шын есімі – Мұхаммед-Ханафия.