"Орнын ешкім баса алмайды": Абай Бегейдің екінші әйелі өзін сынағандарды орнына қойды
Өткен жылы екінші рет шаңырақ көтерген Абай Бегейдің өзінен 16 жас кіші әйелі желіде жан тебірентерлік жазба қалдырды. Өнер иесінің әйелі Фариза көпшіліктің сынына жауап беріп, әншінің кіші қыздарымен қарым-қатынасының жақсарғанын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің келіншегі бүгінгі таңда екі қызбен сырлас құрбыға айналған.
"Сен екі қызға ана бола алмайсың", "Қыздарда мен бармын деп айтпа", "Ананың орнын ешкім баса алмайды" деп айтатын xанымдар мен xаншайымдар!
Ананың орны бөлек екені айтпасаң да айдан анық. Оны балабақшадағы сәби де біледі. "Болмасаң да ұқсап бақ" деген емес пе дана аталарымыз.
Мен аналары емеспін. Бірақ мен құрбы, сырлас дос, қамқоршы, ақылшы болсам да жетерлікті.
Басында қыздар менімен сөйлеспейтін. Алайда аз уақыт ішінде Алла бізді жақындастырып қойды", - деп жазды Фариза Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Абай Бегей қайтыс болған жұбайы жайлы жазба жариялап, жұртты уайымға салып қойған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу