Меруерт Түсіпбаева Павлодар қаласына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атын беруді ұсынды

Меруерт Түсіпбаева Павлодар қаласының атауын өзгертуді ұсынды. Әнші қалаға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атын беруді жөн санайды. Бастаманы желідегі оқырманы талқыға салды, деп жазады Stan.kz.

“Неге мен туып-өскен қала, “Павлу дарен”? Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсірген. Еліміздің болашағын болжап кеткен ғұлама. Қазақтар, Павлодарға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің атын берейік. Павлодар деген атауды ауыстыратын уақыт келді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына беріңдер”, – деп жазды әнші. 

Желідегі оқырманы әншінің сөзін қолдады. 

“Дұрыс қой. Ештен кеш жақсы дегендей”, “Павлодарға Қонаевтың атын берсін! Қазақстанға зор еңбек сіңірген қайраткер!”, “Қостанай қаласында да көп өзге тілде түсініксіз атаулар. Соларды да ауыстыру керек. Ақын, батырлардың есімдерін беру керек. Қазақстанда өз батырларымен аталу керек қала мен ауылдары”, “Дұрыс ұсыныс Меруерт, қолдаймын”, “Петропавлды да ауыстырк керек”, “Темірді қызған кезде соғу керек”, – деп жазды олар. 

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.

Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.

Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста