Кеңес Дүйсекеев: «Сазгер» деген сөз намысыма тиедi...
![Кеңес Дүйсекеев: «Сазгер» деген сөз намысыма тиедi...](/image/stub.png)
«Сазгер деген сөз намысыма тиеді. Композитор мен сазгердің айырмашылығын көпшілігі ескере бермейді», - деді белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастырған кездесуде. Бұл туралы «Астана ақшамы» газетінде жазылды.
- «Далаға шығып таяқ лақтырсаң, композиторсымаққа тиеді. «До» мен «ре»-нің арасына таксимен барып келетін адамдар көбейіп кетті» деп 1979 жылы қазақтың өте талантты композиторы марқұм Әбілахат Еспаев маған бір айтып еді. Сол сөздің нағыз көкесін енді көріп жүрміз: қалтасын толтырып, талтаңдап студияға барады, екі нотаның басын қоса алмай, ыңылдаған бірдеңесін жаздырады. Ақшасын төлеп, әншіге айтқызады. Бір-екі рет эфирден көрініп, «мен композитормын» деп көкірек керетін жігіттер толып жүр. Өкініштісі, тек жігіттер ғана емес.
Ал, композитор деген... Мысалы, «Сазгер» деген сөз намысыма тиеді. Сазгерлер - арнайы композиторлық білім алмай, ыңылдап ән шығаратындар. Кеңес өкіметінің тұсында оларды әуесқой дейтін. Композитор латынның «compositor» - құрастырушы деген сөзінен шыққан. Әнді бастан-аяқ оранжировкасына дейін өзім дайындаймын. Осы композитор мен сазгердің айырмашылығын көпшілігі ескере бермейді, - деді Кеңес Дүйсекеев.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)