Гауһар Әлімбекова бай-бағланның екінші әйелі немесе ашынасы болмайтынын айтты

Гауһар Әлімбекова бай-бағланның екінші әйелі немесе ашынасы болмайтынын айтты

Жақында танымал әнші Гауһар Әлімбековаға Шымкент қаласының 52 жастағы тұрғыныеді. Осыған орай, әнші ұсыныс жасаған адамға өз жауабын берді.

алимбекова

Бұл туралы басылымы хабарлайды.

«Бұл кісінің тосын әрекетіне таңданып отырмын. Егер ол ақыл-есі бүтін, өн бойында кемістігі жоқ жан болса сезімін неге менің өзіме келіп айтпайды? Құдайға шүкір, қазір заман дамыған. Байланысудың да түрлі-түрлі тәсілдері бар. Өзіме келіп, жағдайын айтып, ұнатып жүргенін білдірсе, онда әңгіме басқаша болар ма еді… Өзінің жеке өмірін, сезімін күллі жұртқа жария еткенін онша түсінбей отырмын», — дейді әнші.

Алмабек Ташметов есімді азамат әйелі ауыр дерттен көз жұмғанын, жалғыздықтан жабыққан соң, әлі тұрмыс құрмаған Гауһар Әлімбековаға үйленгісі келетінін айтқан еді.

Шыны керек, кейде жұрттың мен туралы айтқан әртүрлі әңгімелерінен шаршаймын, көзді тарс жұмып, алдымнан шыққан азаматтың етегінен ұстай салғым келеді

«Жақында Республика сарайында жеке ән кешімді өткіздім. Сонда әзілдеп, жүрегінің түгі бар азаматты іздеп жүргенімді айтып едім. Шамасы бұл кісі содан кейін ойланған болса керек. Енді… Бұйырғанын көрерміз. Бірақ дәл қазір ол кісімен кездесейін, көрейін деп айта алмаймын», — деп ашығын айтты Әлімбекова.

Сонымен қатар, танымал әнші бүгінге дейін тұрмысқа шығып, отбасы құрмауының себебін түсіндірді.

«Жолыққан жоқ қой. Әлі күтумен келемін. Жалпы, отбасын құру, тұрмысқа шығу өте жауапты мәселе. Мен бұған немқұрайды қарай алмаймын. Жасыратын несі бар, маған сезімін білдіретін азаматтар аз емес. Бірақ жүрегімді дір еткізіп, өзіне бірден баурап алатын жанды әлі кездестірген жоқпын. Шыны керек, кейде жұрттың мен туралы айтқан әртүрлі әңгімелерінен шаршаймын, көзді тарс жұмып, алдымнан шыққан азаматтың етегінен ұстай салғым келеді. Сөйтіп елдің өсегінен құтылсам ба деп те ойланам. Бірақ олай істей алмайды екенмін. Базбіреулер секілді бай-бағландардың екінші әйелі немесе азаматтық некедегі ашынасы да бола алмайды екенмін. Өйткені ондай қылық менің табиғатыма жат. Мен ауылдың, ата-ананың, кемпір-шалдың тәрбиесінде болған, қазақтың ырым-тыйымын, салты мен дәстүрін санама сіңіріп өскен қызбын. Ақша, атақ үшін өзім сүймеген адамның соңынан еріп кете алмайды екенмін», — деді Гауһар Әлімбекова.

Базбіреулер секілді бай-бағландардың екінші әйелі немесе азаматтық некедегі ашынасы да бола алмайды екенмін. Өйткені ондай қылық менің табиғатыма жат

Әңгіме соңында әнші өзінің Instagram, Facebook секілді әлеуметтік желілерде не үшін отырмайтынын да айтты.

«Инстаграмыңыз» не, «Уатсап» дегеннің өзін енді меңгерудемін. Жұрт алдына шыға бергенді ұнатпаймын. Әлдебіреулер секілді не ішіп-жегенін, қандай киім кигенін, бүгін кімнің тойында ән салғанын, тіпті тоңазытқышында қай жылғы соғымның жатқанын айтып, ел алдында елпілдей беретіндерден емеспін. Әлеуметтік желіде жағдайы төмен, бірнеше жылдық соғым түгілі бір кило ет таба алмай отырған адамдар да бар шығар. Сондықтан олардың көңіл-күйін түсіріп, қызғанышын тудырып, майда-шүйде нәрсені жарыққа шығара бермеген жөн. Әр адамның өзінің жеке өмірі, жұртқа жаюға болмайтын құпиясы болуы керек. Сонысымен де тартымдырақ көрінеді деп ойлаймын», — дейді әнші.

 Nur.kz
 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста