Бекжан ӘШІРБАЕВ: «Көршінің қызын» басқа әншіге ұсындым...

Бекжан ӘШІРБАЕВ: «Көршінің қызын» басқа әншіге ұсындым...

Бекжан ӘШІРБАЕВ, ақын-композитор, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

Бекжан Әшірбаев өзі айтқандай, «Оқырманның бағын ашар өлеңнен қыз ұзататын» – ақын. «Ән – менің поэзиямның жарнамасы» дейді ол. Ал біздіңше, Бекжанның өлеңдері әннің ажарын кіргізеді. Ақынның «Толғатпай жазылған жыр – Толтырған құжат қана» дейтін өлең жоларынан дарын иесінің шығармашылық азабын сезінгендей боласың. Бірақ ақын үшін ең үлкен бақыт – өлеңдерінің халыққа жетуі. Бекжан Әшірбаев қазіргі заманың талабына сай өз шығармашылығын насихаттай білетін жандардың бірі. Жақында ақын өзінің шығармашылық концертін өткізбек. Осы орайда «Алаш айнасының» тілшісі ақынмен сұқбаттасқан еді.


– Бекжан аға, шығармашылық кешіңізді «Көршінің қызы» деп атапсыз. Бірақ кешіңізге қатысатын әншілердің арасынан «Көршінің қызын» орындайтын Тоқтар Серіковты байқай алмадық қой.
– Иә, бұл жолы шығармашылық кешімде «Көршінің қызы» әнін халық басқа әншінің орындауында тыңдайды. Бұл әнді Тоқтар 21-22 жасында алғаш орындаған еді. Қазір ол қырықтың қырқасынан асқан азамат. Оның үстіне бүгінде ол эстрададан жырақтау жүр. Тек өзінің жақын достарының кешіне қатысқаны болмаса, сахнаға сирек шығады. Тоқтар «Көршінің қызын» басқа жас әнші орындаса қарсы болмайтынын, қайта құптайтынын айтқан болатын. Сондықтан мен Тоқтардың өзімен ақылдаса отырып, әнді басқа жас әншіге беруді ұйғардым.
Осы жолы шығармашылық кешімде «Көршінің қызы» әнін Сырым Исабаев деген әнші орындайды.
– Сырымға «Көршінің қызын» орындауға өзіңіз ұсыныс жасадыңыз ба?
– Иә, өзім ұсындым, ол қуана-қуана қабыл алды. «Бұл біздің бала кезімізден тыңдап өскен әніміз ғой, маған сеніп тапсырсаңыз, әнге жаңаша тыныс беруге тырысайын», деді Сырым. «Көршінің қызы» бүгінде ретро әнге айналған. Меніңше Сырымның образы да, даусы да осы әнге лайық. Екеуміз әннің өңделуі туралы ақылдастық. Сырым Исабаевтың орындауында «Көршінің қызы» сәтті шығады деп ойлаймын. Бұл – шығармашылық кешімдегі бір жаңалық.
Негізінде «Көршінің қызы» әнін орындауға ниет білдірген басқа да әншілер бар. Ибрагим Ескендір деген жігіт те осы әнді орындағысы келетінін айтқан еді. Жалпы авторлық құқық туралы заңда, оның ішінде сабақтас құқықтар деген бөлімінде автор бір әнді үш орындаушыға беруге қақысы бар екендігі айтылады, тек өңдеуі әртүрлі болуы керек. Ал қазақ менталитетінде бір әнді тек бір әнші орындау керек деген түсінік қалыптасып кеткен. Алайда Шәмшінің, Әсет Бейсеуов секілді композиторлардың ретро әндерін әр әнші өзінше орындап жүр ғой.
– Бекжан аға, шығармашылық кеш өткізу материалдық жағынан аса оңай шаруа емес екені белгілі. Сіз осыдан 2 жылдай бұрын студенттер сарайында жеке кешіңізді өткізген едіңіз. Бұл жолы Республика сарайына халықты жинамақсыз...
– Иә, шығармашылық коцерт берудің біршама қиындықтары бар. Дегенмен ақын-комапзиор үшін ән деген іштен шыққан шұбар жылан ғой. Жаңа әндер жазылғаннан кейін оны халық танысын дейміз. Өйткені жаңа әндер уақытында насихатталмаса, оның өңдеуі де ескіріп қалады. Өзім бұрыннан қырықтан асқанда үлкен бір шығармашылық концертімді өткізсем, халықтың алдында есеп берсем деп ойлап жүретінмін. Соның сәті түсіп тұрған сияқты.
Жекелеген әншілер жылына жүздің үстінде концерт береді. Ал ақын, компазиторларға шығармашылық концерт өткізудің бір қиындығы 25-30 әншінің басын қосып, бір кешке жинау.
– Дегенмен сіздің кешіңізге кілең хит әндердің орындаушылар қатысатын сияқты ғой...
– Иә, шығармашылық кешімде ән салатын әншілердің біразы – тойда хитқа айналған әндердің орындаушылары. Абай Бегей, Асхат Тарғынов, Жазира мен Жанболат, Жұбаныш Жексенұлы, «Нұрмұқасан» тобы, «Нұр-Дастан» тобы, Бақыт Алтай, Роза Әлқожа және басқа да эстрада әншілері қатысады. Өкінішке орай Заттыбек Көпбосынов белгілі бір себептерге байланысты келе алмайтын болды. 24 мамыр өзім біраз адамдардың мектеп бітіргендеріне 10, 20 жыл толғанын тойлайтын уақыт қой. Биыл Жазира Байырбекова, Ғани Мәтебаев секілді әншілердің мектеп бітіргеніне 20 жыл екен. Алайда осындай айтулы күнге қарамастан менің концертіме қатысуға келісім берген әншілерге ерекше алығысымды білдіремін. Осы сұқбатты пайдаланып, менің шығармашылық концертіме ақпараттық демеу білдіріп отырған «Қазақстан» ұлттық арнасына, қзақстан жазущылар одағы басқармасына, «Алаш айнасы» интернет порталына, «Айқын», «Заң» газеттеріне, «Қазақ газеттеріне», «Жұлдыздар отбасы» журналына, «КТК», «31», «НТК», «Алматы» арналарына т.б рахметімді айтамын.
– Естуімізше, сіз әндеріңізді сатпайды екенсіз...

– Қазіргі заманда ән саудаланады, өлең сатылады деп жатады ғой. Бірақ мен әндерімді ешқашан сатқан емеспін. Осы ән әншінің образына келеді-ау,белгілі бір ән әншінің образына келеді-ау, осы әнші әннің бағын ашады-ау деген оймен әндерімді әншілерге өзім беремін. «Теңін тапсаң тегін бер» демекші, әншілерге: «шығармашылық кешіме келіп әніңді салып берсең болды» деймін. Әншілерге қаламақы төлеп, концертіме шақырдым деп айта алмаймын. Дегенмен әншілер үлкен құрмет білдіріп, жаңа әндерімді шығармашылық кешімде орындап беруге келісті. Кеш репертуарының 80 пайызы жаңа әндер.
– Бүгінде өнер адамдарын ойландыратын бір мәселе – Республика сарайын жалға алу құнының қымбаттығы. Жарнамада да қалтаға кәдімгідей салмақ түсіреді...
– «Тышқан мен Микки маустың айырмашылығы жарнамасында» демекші. Қазіргі заманда жарнамаң болмаса, халықты сарайға жинау өте қиын. Ал қазіргі таңда жарнама жасау да өте қымбат. Бір жапырақ афишаны қала ішінде ілуге салынатын салық құны 8000 теңге. Қазір бұрынғыдай жабайы жарнаманың уақыты кетті. Қала ішінде ілінетін әрбір жарма заңмен қадағаланады. Кейбір алаяқ концерт ұйымдастырушылары бір жыл да пәлен концерт өткіземіз деп жеңілдік алады, біреудің жеке кәсіпкерлігін (ИП) пайдаланып, солардың атынан сарайды жалға алады да, жабайы жарнамаларды қаптасып тастайды, соңында салықтың бәрі жеке кәсіпкердің атына келеді.
Коцерт залдарының жалға алу құнының өте қымбат екенін осыдан біраз уақыт бұрын Дариға Нұрсұлтанқызы да қозғаған еді. Ең қызығы, ресейлік, шетелдік әншілер концерт қойса, олардың билеттерінің құны алды 60000-70000, соңы кемінде 15000-20000, ал сарайды жалға алу құны, жарнамасы барлық әншіге бірдей. Сондықтан меніңше, осы тұста заңмен реттелуі тиіс мәселелер бар.
– Бүгінде хит әндерінің әуені тойға лайықталған, мәтіні жеңіл болу керек деген түсінік қалыптасты ғой. Кәсіби ақын, журналист ретінде осыған не айтар едіңіз?

– Мен өзімнің әнге жазылған өлеңдерімді менің поэзияма жарнама деп санаймын. Өйткені қазір бұрынғы кездегідей кітаптар жүздеген мың данамен шығып, тарамайды. «Жұлдыз» журналын әр қойшы етігінің қонышына қыстырып жүріп оқитын заман емес қазір. Ақын-жазушылардың кітабы ары кетсе 500-1000 данамен шығады. Ал әннің таралуы, халыққа жетуі әлдеқайда жақсы. Мен әннің сөзі жеңіл болу керек деп ешқашан бөліп қараған емеспін.
Мысалы, біздің қазіргі әнұранымыздың әнін Шәмші Қалдаяқов, ал сөзін Жұмекен Нәжмеденов секілді жұмбақ ақын жазды. Әнұранға айналған әннің мәтінінде «Қарсы алған уақытты ежелгі досындай» деген сөз бар. Бірақ осы сөзді ешкім ерсі көрмей, бірден қабылдап алды ғой. Өйткені біз бес ғасырлық жыраулар поэзиясы бар, халық ауыз әдебиеті бай, әдебиеттің алтын дәуірін бастан кешірген халық емеспіз бе? Иә, әннің мәтіні халыққа түсінікті, өзіне тән «фишкасы» болуы керек, бірақ тым жадағай, қарапайым, бидай-быламық болғаны дұрыс емес.
– Қазіргі жас әншілердің көбі шетелдік әуенге қазақша мәтін жаздырып орындап жүр ғой. Осының арғы жағында үлкен заң бұзушылық тұрғанын біз әлі түсінбейтін секілдіміз...
– Иә, дұрыс айтасыз. Маған да небір жас әншілер келіп, гректің, түріктің, қырғыздың әуендеріне сөз жазып беруімді өтінген, сол әнді менің шығармашылық кешімде орындағылары да келген. Бірақ мен өз басым мұндайға түбегейлі қарсымын. Біздің әншілер орындап жүрген қырғыз немесе әзірбайжан әндерінің заңды авторлары, орындаушылар бар. Олардың рұқсатынсыз әнді алып, сөзін өзгертіп орындау дегеніміз авторлық құқықты бұзу. Меніңше, бұған бір белгілі бір дәрежеде мемлекет тарапынан шектеу болу керек. Радио, телевидениеде осындай әндер күнде беріліп жатады. Меніңше, біздің елімізде тәуелсіз көркемдік кеңес құрылып, әншілердің репертуарын қатаң бақылауы тиіс. Өйткені біз өнердегі мұндай бассыздыққа шектеу қоя алмасақ, несіне мемлекет болып отырмыз, өзіміздің шекарамыз бар деп несіне мақтанамыз?
Мен өз басым Қайрат Нұртастың имиджине қызығамын. Қазақша әндер айтып, сол арқылы қазақ аудториясын жинай білген, өнері арқылы табыс тауып, өзінің өнерін бизнеске айналдыра білген азамат ретінде оны құрметтеймін. Қайраттың үлкен стадиондарға мыңдаған адам жинай алатын мүмкіндігі бар әнші. Оның өзіне тән хоризмасы бар, өзі орындаған кез келген әнді хитқа айналдырады. Қайрат секілді кілеі хит әндердің орындаушыларына әдеби кеңесші керек. Оған «Сен мына «Бара алмадым қасыңа» секілді қарақалпақтың әнін айтпа» дейтін адам болса. Тағы бір мысал, Қайраттың «Алматы түні» деген әнінде «елестеп құлағыма» деген тіркес бар. Бұл не сөз? Осындай қателіктер кетпес үшін әншілердің жанында әдеби кеңесшілерінің болғаны жөн деп есептеймін.



Айнұр СЕНБАЕВА

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста