Аша Матай: Ата-енем "Қалаулымды" жүргізгенім үшін сөккен емес

Аша Матай: Ата-енем "Қалаулымды" жүргізгенім үшін сөккен емес

Аша Матай ана атанғаннан кейін де тележүргізушілік пен актрисалық өнерін қатар алып жүр. NUR.KZ тілшісі елдің қатаң сынына ұшыраған "Қалаулым" бағдарламасының түсірілім алаңына барып, жүргізуші Аша Матайдан эксклюзивті сұхбат алды. Әнші елді дүрліктірген "Қалаулымның" ешкімге зияны жоқ екенін айтты.

 

Аша Матай: Ата-енем

АША МАТАЙ. ФОТО: INSTAGRAM

—  Аша ханым, атышулы "Қалаулым"бағдарламасының тізгінін ұстап жүрсіз. Үйдегі ата-енеңіздің бұл бағдарламаны жүргізуіңізге қарсы болмады ма?

— Жоқ, ол кісілер бағдарламаны ұнатады. Өздері де «Қалаулымды» үнемі өткізбей қарайды. Әрине, әр адамның өзіндік ойы болады, олардың әрқайсысының аузына қақпақ бола алмайсың. Әр қатысушы өз пікірін білдіруге құқылы. Оның үстіне, біз жаман ештеңе ойлап тауып жатқан жоқпыз. Бұл бағдарлама тек екі жүректі табыстыру үшін құрылған. Менің ойымша, бұл жақсы іс сияқты. Ойлап көріңізші,  Атыраудың жігіті мен Шымкенттің қызы екі жақта жүріп қалай кездеседі? Ал теледидар арқылы кездесуге болады. Сондықтан біз жалғыз жүрген жүректердің қалаулысын табуына көмектесіп жүрміз.

—"Қалаулымды" көпшілік сіздің жеке авторлық бағдарламаңыз деп ойлап жатады. Тіпті кей көрермен Аша Матай түсірілім алаңына кілең актерлар мен актрисаларды жинап алды деген сын айтуда. Бұған не дейсіз? 

Аша Матай: Ата-енем

АША МАТАЙ. ФОТО: INSTAGRAM

— Мен  жүргізуші болған соң бұл бағдарламаға тікелей қатысым бар. Ал бағдарламаның қатысушыларына келетін болсақ, әрине, бәрі де шынайы адамдар. Дәл қазір қатысушылармен тілдесіп, олардан ашық сұрауыңызға болады. Мұнда тек шын бақытын тапқысы келетін жандар ғана жүр. Бірнеше елдерде мұндай бағдарламалар бар. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бізде де мұның аналогы болуы керек.

— Бір жасқа енді толған қызыңыз бар. Түсірілім алаңында көп жүресіз. Отбасы мен жұмысыңызды қатар алып жүру қиын емес пе?

Аша Матай: Ата-енем

АША МАТАЙ ҚЫЗЫ АСЫЛЫММЕН. ФОТО: INSTAGRAM

— Егер өмірде жетістікке жетемін десеңіз, онда әрдайым қозғалыста болу керексіз. Барлық нәрсені қадағалап, ұйқыны қысқарту қажет (күліп). Мен негізі ұйқыны қатты жақсы көретін адаммын, бірақ өзіме шектеу қоямын. Бәріне уақыт табуға болады.

— Кішкентай Асылымды сіздер жұмыста болғанда кім қарайды?  Арнайы күтуші жалдайсыздар ма?

— Біз ата-анамызбен бірге тұрамыз. Яғни, менің ата-енеммен. Мен ол кісілерді «папа, мама» деп атаймын. Немерелерін ата-әжесі қарайды және Арманның  Таңшолпан деген қарындасын өзімізге шақыртып алдық. Сырттан күтуші жалдамаймыз, бөтен адамдарға баламды қалдыра алмаймын. Мен бәрібір қызымды танымайтын адамға тапсыра алмаймын. Ал Таңшолпан Асылымды қатты жақсы көреді. Мен оның қызыма деген махаббатын көрген соң, жүрегім тыныш. Әдетте мен түсірілім алаңында жүргенде Арман үйде болады, мен үйге келгенде ол өз жұмыстарымен кетеді.

— Ана болғалы өмірге деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

—Әрине! Ана болу өте керемет сезім! Ата-анама деген, өмірге деген көзқарасым өзгерді. Өмірдің мәнін енді түсініп жатырмыз. Шынымен өмірдің мәні бала екен, оны ана болғанда әрбір жан ұғатын болады. Бұрын өмірдің мәнін әртүрлі жағдайдан көретін едік.  Ол -  сүйіктің болуы мүмкін, жұмысың болар, ата-анаң мен достарың... Бірақ балалы болған соң бәрі екінші орынға түсіп, балаң бірінші орынға шығып кетеді екен. Сол себепті әр қыз баласына ана болу бақытын тілеймін!

— Дүниеге сәби әкелгеннен кейін толығып кеткен едіңіз. Аз уақыттың ішінде қалай тез қалпыңызға келдіңіз?

Аша Матай: Ата-енем

АША МАТАЙ. ФОТО: INSTAGRAM

— Жүктілік кезінде 32 келі салмақ қостым. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, қатты толығып кеттім. Өз қалпыма үнемі қозғалыста болғаннан кейін тез келдім. Ешқандай диета ұстамадым, енді ұстауға бел буып жатырмын. Оның алдында да ұстап көрмегенмін. Спортқа аса жақынмын деп айта алмаймын.

— Әлеуметтік желілерде түрлі коктейльдер мен арықтатын дәрілерді ұстап тұрған суреттеріңіз жүреді. Сонда оның бәрі өтірік пе?

— Иә, оның барлығы өтірік. Мен ондай жарнамаларға түсіп көрген емеспін.

— Сізді біреулер әнші ретінде білсе, енді біреулер тележурналист ретінде таниды. Өзіңізді қай саланың маманына жатқызасыз?

Аша Матай: Ата-енем

АША МАТАЙ. ФОТО: INSTAGRAM

— Мен бірінші кезекте өзімді тележүргізуші ретінде көремін. Одан кейін актрисамын. Үшінші кезекте ғана әншілік. Өзімді әншімін деп елестеткеніммен бұл менің жәй ғана хоббиім. Алғашқы мамандығым заңгер, екіншісі журналистика. Бірақ жаныма жақыны сол екінші мамандығым.

— Арман екеуіңіз балаларға арналған табиғи өнім сататын дүкен ашқан едіңіздер. Бүгінде бизнестеріңіз қалай болып жатыр?

Аша Матай: Ата-енем

АША МАТАЙ МЕН АРМАН ҚОҢЫР. ФОТО: INSTAGRAM

— ДороМарин пайдалы. Ол аурудың алдын жақсы алады. Біз оны үнемі қызымызға береміз. Бұл табиғи өнімді ішіп бастағаннан кейін, оның иммунитеті жоғарылады. Сондықтан біздің өнімді балаларыңызға беруден еш қорықпаңыздар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста