Арман Сқабылұлы: "Өкпелемеші" (аудио)

Арман Сқабылұлы: "Өкпелемеші"  (аудио)

Өмір дегеннің өкпелетуден, соңынан өкініштен бармақты шайнаудан тұратынын түсінбейтін жаста едік қой ол кезде. Өрекпіген көңіліміз өкпешіл еді. Тай-құлындай тебісіп жүрген Табылдыны да талай өкпелеттік.

Ол да бізді өкпелеткен кездері болды. Бір-бірімізге ренжімейтінбіз. Өкпелейтінбіз. Өкпе мен реніштің арасының зіл батпан екенін енді сезіндік-ау деймін. Сәтсіз махаббатына күйінген досымыз қыз атаулыға қырын қарап кетіп еді сол кезде. Жастықтың буымен жалғанды жалпағынан басып жүрген біздерге бәрі бір еді. Өкініштен өзегі өртенген достың жан дүниесіне үңілмедік. «Мәжнүн» болдың ғой» деп күлгеніміз де есімде. Өкпеледі. Неше күн томсырайып сөйлемей жүрді. Бір күні өзімен-өзі төбеге қарап жатып біз естімеген бір әнді бастады. Қоңыр гитараның күмбірі қандай мұңды! Сөзі қандай сырлы! «Өкпелемеші» дейді. Анау аяулы махаббатына «өкпелемеші» дейді. Көзімізге жас тұнып, егіле тыңдап отырған бізге «өкпелемеңдерші» дейді. Ән бітті. Өкпеміз жазылып, толағай досты құшақтап жатырмыз. Оның да көзінде жас...
...Аяулы дос жайында жазылған естеліктерімді «Өкпелемеші» деп атадым. Өмірге өкпелеп кетіп еді... Өкінішім сәл де болса жеңілдер дегенмін. Бүгін «Жігіттердегі» Бағлан бауырым «Өкпелемешінің» әнін жаздыртыпты. Тыңдап тағы толқыдым. Серік Жанболат досымыз да жылап отыр. Сіздер де тыңдаңыздаршы! Өкпелеріңіз жазылады. Өкпелемейікші...

Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:
- Табылды Досымовтың бұл әні тапсырыспен жазылмағандықтан жүрекке тез жетті. Әнге сөз жазатын талай ақын бар. Бірақ солардың ішінен Табылдың әніндегідей: «Менен де гөрі мықтырақ немесе қалайша жігіт болайын еңсере алмасам бір мұңды...» деген мағынадағы сөздерді кездестіре алмайсыз. Соған қарап, ән мен сөздің бір біріне үйлесімділігін байқаймыз. Жалпы бұл әннің болашағы зор деп ойлаймын.
Аудио ән

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста