"Жеке көлік, жүргізуші деген жоқ". Мәжілісмен Дәулет Мұқаев қызметтік көлігі туралы айтты

"Жеке көлік, жүргізуші деген жоқ". Мәжілісмен Дәулет Мұқаев қызметтік көлігі туралы айтты

Жаңадан сайланған депутат Дәулет Мұқаев қызметтік көлігі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, депутаттарға жеке көлік, жеке жүргізуші берілмейді. Тек белгілі уақыт аралығында пайдалануға рұқсат етіледі.

"Депутатта жеке көлік, жеке жүргізуші бар" деп көбі ойлайды. Ал шын мәнінде олай емес. Бізге берілетін лимит - бір айға 75 сағат. Оның өзінде тек жұмыс бабымен. Жеке өмірің үшін (мысалы, баланы мектепке апару, туған-туысты тасу) пайдалануға рұқсат жоқ. Үйден алып кетіп, жұмысқа алып келеді. Немесе керісінше. Жеткен кезде уақыт есептеледі, жүргізуші берген арнайы қағазға қол қоямыз. Әр депутатқа жеке код береді. Ол - құпиясөз. Тапсырыс берерде соны айту керек", - дейді депутат. 

Сондай-ақ, депутат қызметтік көліктердің маркаларын, жүргізушілердің ауысып отыратынын айтты. 

"Ең қызығы, жұмыстан қайтарда ерте тапсырыс бермесең, көлік жетпей қалуы мүмкін. Немесе күту керек. Мысалы, мен өткен аптада сағат 18:10-да тапсырыс беріп едім, "алдыңызда 40 тапсырыс бар. Күтіңіз" деді. Күтпей, таксимен қайттым. Содан бері көмекшім сәл ертерек қоңырау шалып, тапсырыс беріп қоятын болды. Көлікке келер болсақ, Toyota, KIA көліктері жүреді. Жүргізушілер де ауысып отырады. Нақты бекітілген көлігіміз, жүргізушіміз жоқ", - деп жазған ол. 

Еске салайық, бұған дейін жаңадан сайланған депутат Руслан Берденов депутаттарға қандай жағдай жасалғаны туралы айтқан еді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста