Жанармай бағасының өсуі: Алматы мен Астанадағы жанармай құю бекеттерінде не болып жатыр?
Қазақстанда 12 сәуірден бастап бензин мен дизель отыны бағасын көтеру жоспарланған болатын. Tengrinews.kz тілшілері Алматы мен Астанадағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі жағдай туралы баяндайды.
Алматы
Алматыда Helios жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы өзгермеген: АИ-92 маркасы литріне 182 теңгеден, АИ-95 – 215 теңгеден, АИ-98 – 230 теңгеден сатылып жатыр. Тимирязев пен Сейфуллин көшелері қиылысында орналасқан филиалда осындай баға белгілері сақталған. Мұнда дизель отыны жоқ.
Royal Petrol жанармай құю станцияларының желісіне келетін болсақ, мұнда да тарифтік жаңартулар жоқ. Мәселен, АИ-92 литріне 179 теңге, АИ-95 – 220 теңге, АИ-98 – 280 теңге. Мұнда 550 теңгеден сатылып жатқан қысқы дизель бар.
Біз жанар-жағармай құю бекетінің кассасында жарияланған баға белгілерінің қазіргі уақытта шынымен өзектілігін тексердік. Қызметкерлер көрсетілген бағамен жанармай құйатынын растады.
Астана
Qazaq Oil жанармай құю станциялары желісінің астаналық филиалдарының бірінде де бензин құны бұрынғы деңгейде қалып отыр. Мысалы, АИ-92 маркасы литріне 182 теңгеден, АИ-95 - 212 теңгеден, АИ-98 230 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Nomad желісіндегі жанар-жағармай құю бекеттерінде кейбір брендтердің баға белгілері сәл қымбатырақ, бірақ бұрынғы баға. Мәселен, АИ-92 бензині литріне 182 теңгеден, АИ-95 – 224 теңгеден, АИ-98 – 245 теңгеден сатылып жатыр. Оның үстіне мұнда дизель отыны 230 теңгеден, ал қысқы отын литрі 635 теңгеден сатылып жатыр.
Oil жанармай құю станциялары желісі де бірдей бағаны ұстап отыр. АИ-92 литріне 182 теңгеден, АИ-95 231 және 238 теңгеден, дизель отыны 230 теңгеден сатылып жатыр.
Helios-тың астаналық филиалдарына келетін болсақ, АИ-92 литріне 182 теңгеден, АИ-95 214 теңгеден сатылып жатыр.
Редакция Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен ресми пікір сұрады.