Жабайы Арманның қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды
"Жабайы Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің мерзімі 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, материалдармен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция берілді. Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық істі екі айға, яғни 2023 жылдың 7 тамызына дейін.
Бұған дейін Арманның қамауға алу мерзімі 2023 жылдың 7 маусымына дейін ұзартылған болатын.
2022 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматыда криминалдық авторитет - Жабайы Арманның ұсталғаны туралы хабарлады. Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Арман қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды ұрлаған.
2023 жылдың 5 қаңтарында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістегі жиында сөйлеген сөзінде Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін мәлімдеді.