Бүгінгі күннің қаһарманы – Қиымбаев

Бүгінгі күннің қаһарманы – Қиымбаев

Қармақшы ауданы Төретам елді мекенінде тұратын Талғат Қиымбаев екі бүлдіршінді ажалдан құтқарып, ел арасында үлкен беделге ие болып отыр. Ол сол ауылдағы теміржол бекетіндегі жүк тасымалын қамтамасыз ету мекемесінде көлік жүргізушісі болып жұмыс жасайды.

Сол күні жұмыстан қайтып келе жатқан Талғат жолдан бұрыла бергенде, көліктің айнасынан артқы жағынан екі қыз баланың өткенін байқайды. Дегенмен олардың демнің арасында қайда кеткенін аңғармай қалады. Көңілі әлденеге алаңдаған ол дереу көлікті тоқтатады. Жан-жағына қараса, ешкім жоқ. Көше бойымен жедел адымдап, екі кішкентай қызды іздейді. Сөйтсе, жер астына жалғанған су құбыры құдығына ілініп тұрған қос бүлдіршінді көзі шалады. Біреуі терең суға батып бара жатқан секілді. Ойланып тұратын уақыт жоқ. Дереу оны құдықтан алып шығады. Төртінші сыныпта оқитын қыз бала көп ұзамай есін жиып алып, қасында 2 жастағы сіңлісі бар екенін жеткізеді. Талғат қайта құдыққа үңіліп қараса, онда бүктеліп отырған бүлдіршінді көзі шалады. Оны да ажал тырнағынан құтқарып қалды.

Қамқор пейілді ағаларының арқасында 4-сыныпта оқитын Рауан мен 2 жастағы Перизат өмірге қайта келді десек те артық емес. Адамгершілік жасаған Талғатқа қыздардың ата-аналарының айтар алғысы шексіз.

Берекет Ермағанбетов, екі қыздың әкесі:
– Қос қызымды өмірге қайта алып келген бауырымызға ризашылық білдіреміз. Осындай азаматтар арамызда көп болса дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста