Үстіне алтыншы қабаттан диван құлаған жігіт ауыр халде жатыр
Ақтауда 39 жастағы ер адамның үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кетті. Ол облыстық ауруханада жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 12 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында 11 шағынауданындағы №41 үйде болған. Сол күні алтыншы қабаттан белгісіз адам диванның бір бөлігін жерге лақтырып жіберген. Ауыр жиһаз үйдің маңынан өтіп бара жатқан адамның үстіне құлаған.
«Науқастың жағдайы өте ауыр. Зардап шеккен адамның мойын омыртқасы сынған, жұлыны ауыр жарақаттанған», – деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы Гүлмира Сүтібаева.
Дәрігерлердің айтуынша, сырқаттың денесі түгел сал болып қалған, қозғала алмайды. Қалалық полиция Қылмыстық кодекстің 114-бабы бойынша іс қозғады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу