Үндістанда омикронның жаңа түрі тарап жатыр
Салдарынан коронавирус толқыны қайта белең алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген деректері. Ковидтің бұл штамы бейресми «Арк-тур» деп аталып кеткен. Вирус негізі көздің қабынуына әкеп соғады. Әзірге жаңа ковид түрі зерттеліп жатыр. Жергілікті билік Үндістанда қазіргі таңда 60 мың адам инфекцияға шалдыққанын мәлім етті. Мамандар жаңа штамның тарау қарқыны өте жылдам дейді. Наурыз айының соңында ғана дертті жұқтырғандар саны 13 мың шамасында болған еді.
Бұл ауру түрі Үндістаннан бөлек, Ресейде де анықталды. Айта кетейік, жалпы пандемия басталғаннан бері, бүкіл әлем бойынша 760 млн-нан астам адам ковид жұқтырып, 7 млн-ы көз жұмған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу