Түркияда көз жұмған екі қазақстандықтың денесі 11 ақпанда елге жеткізіледі

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтары Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашевтің денесі ертең елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакья қаласында үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
 
"Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың денесін отанға жеткізу үшін барынша көмек көрсетеді. Отандастарымыздың денесі 11 ақпанда Анталья-Алматы тұрақты рейсімен Қазақстанға жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Барлық шығынды мемлекет өз мойнына алады", - деді Смадияров журналистерге арналған брифингте.
 
Сондай-ақ, жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы айтты. Қазақстандық қыз қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында жатыр. Кеше оның қолына ота жасалған. Жағдайы тұрақты.
"Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған жеке барып қайтады", - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі.


Бұған дейін Түркиядағы зілзала кезінде Қазақстанның үш азаматы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Олардың бірі Сабина Мамадиярова тірі табылды. Тағы екеуі – Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев көз жұмды. Тағы бір қазақстандық қыз Кахраманмараш қаласында іздестіріліп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста