Таразда «сергек» жүйесі іске қосылды

Таразда «сергек» жүйесі іске қосылды

Таразда қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция департаментінің мәліметінше, аппараттық-бағдарламалық жүйе қаланың 48 жеріне орнатылған. Олар жылдамдықты шектен асыру, бағдаршамның тыйым салынған түсіне жүру секілді ереже бұзуды тіркейді. Жүйе ереже бұзған көлікті есепке автоматты түрде алады. Бұған дейін «Сергек» жүйесі Таразда өткен жылдың 1 желтоқсанында тестілік режимде іске қосылған болатын.  

Айта кетерлігі, соңғы 2 жылда қоғамдық орындарға 305 бейнекамера орнатылды. Сонымен қоса, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  көппәтерлі тұрғын үй аулаларына 1250 бейнекамера орнатылды. Мамандар аталған құрылғылар қылмыстың ізін суытпай  ашуға септігін тигізетінін айтады.

Қуатбай Тубеков, қалалық Полиция басқармасы жедел басқару орталығының басшысы: - 95 интелектуалды камера бар. Оның ерекшелігі, мысалы, із-түссіз жоғалу болса, кішкентай бала болса, бізде арнайы бағдарлама бар. Бағыттама бойынша үстіне киген киімін, басына киген киімін анықтап, толығымен базаға енгіземіз. Ол база 5-10 минуттың ішінде қай көшеде, қай бұрылыста жүргенін анықтап береді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста