Таразда ерекше нөмір таққан көлік жол ережесін өрескел бұзды

Таразда ерекше нөмір таққан көлік жол ережесін өрескел бұзды

Таразда екі жол талғамайтын көлік жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған сәт видеоға түсіп қалды. Олардың біреуінің мемлекеттік нөмерінде KNB әріптері бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға биыл ақпанның аяғында DavMir сауда орталығына қарама-қарсы жолда болған. Жүргізушілердің дөрекі әрекеті басқа көлік камерасына түсіп қалған, оның иесі редакцияның WhatsApp-нөміріне видеоны жолдады. Ер адам 28 ақпанда кешкі сағат 18:00 шамасында Тәуке хан көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан.

"Бауыржан Момышұлы көшесінен өтер алдында жасыл бағдаршам жыпылықтай бастады. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес мен және басқалар қиылыс алдында жылдамдықты азайта бастадық. Алайда қара түсті Lexus LX 570 және ақ Toyota Land Cruiser 200 жүргізушілері бұған назар аудармады. Олар бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті", - деп жазады автор.

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Жамбыл облысының Полиция департаментіне жүгінді. Сәлден соң департаменттің баспасөз қызметі тәртіпбұзушыларды іздеуге кіріскенін хабарлады.

"Дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Тиісті шаралар қолданылады", - деді ПД өкілдері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста