Талдықорғанда жылу құбыры жарылып 67 көпқабатты үй жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Желтоқсан мен Медеу көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, қазір 28 адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құбырдан бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында ақау шыққан. Қазір 67 көпқабатты үй жылусыз қалды. Біздің жоспарымыз бойынша төрт сағаттың ішінде ақау жөнделіп, жылу үйлерге беріледі», - деді Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Мәди Шакенов.
Ведомство өкілінің мәліметінше, Талдықорған қаласындағы жылу қазандықтарының барлығы штатты режимде жұмыс істеп тұр.