ШҚО-да әлемде сирек кездесетін екі түрлі жапырақты ағаш өсіп тұр

ШҚО-да әлемде сирек кездесетін екі түрлі жапырақты ағаш өсіп тұр

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Зайсан аудандарының арасындағы жол жиегінде әлемнің тек бірнеше елінде кездесетін Туранга ағашы өсіп тұр. ҚазАқпарат тілшісі белгілі тарихшы, ғалым Борис Щербаковпен бірге сол жерге барып қайтты.

Биыл шілде айында 84-ке келетін Борис Щербаков әлі тың. Қимылы ширақ, санасы сергек. Оны тауға жүгіріп шығып, тасты секіріп өткенде көрдік.

Бұл бәлкім оның өмір бойы қозғалыста, табиғат құшағында жүргенінен болар? Себебі тарихшы осы уақытқа дейін Қазақстанға, Орта Азия елдеріне, Үндістанға, Вьетнамға және басқа да мемлекеттерге 300-ден астам экспедиция жасаған.

Ал санасы сергек дегенім – әр жердің тарихын кеше ғана-ақ мектептегі концертке өлең жаттаған озат оқушыдай мүдірмей айтып тұр.

«Борис Щербаков мәдениет қызметкерлеріне тарихи жерлерді аралатады» дегенді естіп қалып, «Біз де бірге жүрсек» деп қолқа салғанбыз. Келісе кетті.

Сөйтіп, сол сапарға мәдениет саласында еңбек етіп жүрген 30-ға жуық адам арасында жалғыз тілші болып біз еріп бардық.

Бұл сапардың негізгі мақсаты – қызыл таулы, құдды бір Марстың Жер планетасындағы бір бөлшегіне ұқсайтын атақты Қиын Керішті көру (Бұл тау туралы сайтымызға алдағы уақытта кеңірек жазамыз). Өскеменнен бозара атқан таңмен аттандық.

Күршім мен Зайсан аудандарының арасындағы жолда келе жатқанда Борис атамыз автобус жүргізушісіне тоқта деп ишара білдірді. Оның айтқаны заң.

Тежеуіш басыла сала Борис Щербаков сыртқа оқтай ұшып шықты. Жол жиегі еңіс екен. Жүгіріп түсіп кетті.

Сүт пісірім уақытта қайтып келіп «Өтіп кетіппіз. Сәл артқа жүру керек» деп автобусқа мінді. Жүргізуші айтқанын бұлжытпай орындады.

Қайтадан құстай ұшып барып келген тарихшы «Келдік. Осы жер. Түсіңіздер» деді. Бәріміз топырлап сыртқа шықтық. Таяқ тастам жер емес, бірнеше минут жаяу жүрдік.

Щербаковтың соңынан бәрі бірдей қалыспай жүре алмады. Зейнетке де шықпаған кейбіреулер шаршап ентігіп қалып жатты.

Ал сексеннің сеңгірінен асқан ғалым алдыда алшаң басып келеді.

Кенет алдымыздан бұрын-соңды көрмеген ерекше ағаш шықты. «Бұл ағаш Туранга деп аталады. Әлемнің тек бірнеше елінде кездеседі. Ыстыққа да суыққа дәл осы Турангадай төзетін жер бетінде ағаш жоқ», - деді Борис Щербаков.

Туранганың тағы бір ерекшелігі – бір ағаш бұтақтарында екі түрлі жапырақ өсіп тұр. Бір жағындағы кішілеу болса, басқа тұсындағысы одан ірірек.

Ағаш өсіп тұрған жердің түсі – қою қоңыр.

«Бұл ағаш Қазақстан бойынша тек шығыста ғана бар ма?» деп сұрадық тарихшыдан.

«Жоқ, оңтүстік жақта да өседі. Бірақ біздің облыста тек осы жерде ғана. Көне заманда бұл ағаш қасиетті деп саналған. Оны кесуге де тыйым салған», - деді ол.

Ағашты әр қырынан тамашалап, фотоға түсіріп алған соң автобусқа қарай бағыт алдық. Алда бізді Қиын Керіш күтіп тұр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста