Синоптиктер 4 облыстың тұрғындарына ескерту жасады
Қазақстанның төрт облысында өзендерде су деңгейі күрт көтеріліп, бірқатар ауданда су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.
27-29 наурыз наурыз күндері Қарағанды облысында (Шет пен Ақтоғай аудандары) жылы ауа райына байланысты қар еріп, өзендерде су деңгейі жылдам көтеріледі деп болжанып отыр.
"Қар жылдам еріп, мұздық құбылыстар әлсірейді, бұл ретте өзендердің деңгейі кенеттен көтеріліп, су жайылуы мүмкін", - дейді синоптиктер.
Бұдан бөлек, 27 мен 29 наурыз аралығында Ақтөбе (Қобда, Мартөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би, Ойыл, Алға, Ақтөбе), Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының басым бөлігінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты су тасқыны қаупі бар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу