Сенаторлар Ақмола облысында болды

Сенаторлар Ақмола облысында болды

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері» тақырыбы бойынша Ақмола облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
Комитет төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде ауылдық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті. Депутат Сенаттың негізгі функцияларының бірі – өңірлердің мүдделерін білдіру екенін және мұндай кездесулер өңірдегі проблемалардан хабардар болуға, сондай-ақ бар мәселелерді шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін еске салды.

Сенаторлар бүгінгі таңда ел өңірлерімен тығыз байланыста және билік пен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің арасын жалғайтын байланыстың бір буыны болып отыр. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің жұмысында АӨК дамыту, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелеріне баса мән беріліп келеді, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастамалар ұдайы талқылануда. Комитеттің бүгінгі көшпелі отырысы депутаттардың жергілікті жердегі ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін, ауылдағы бизнестің жай-күйін зерделеп, бар проблемаларды шешу жолдарын талқылауына бағытталған, - деп атап өтті Әли Бектаев.
Сенат комитетінің көшпелі отырысына Сенат депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, Ақмола облысы әкімдігінің, агроөнеркәсіп саласындағы бизнестің өкілдері, сарапшылар мен фермерлер қатысты.

Көшпелі отырысқа қатысушылар жиынның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі бұдан былайғы жұмыстарды іске асыру үшін Үкіметке жіберілетін ұсынымдарды әзірледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста