Ринат Зайытов айтыс ақындарына арнайы ғимарат беруді сұрады

Ринат Зайытов айтыс ақындарына арнайы ғимарат беруді сұрады

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Алматыдан айтыс ақындарына арнайы ғимарат беруді сұрады.

Ол депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады.

«2012 жылғы 1 тамызда «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Бүгінде одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскер мен жыршы, термеші бар. Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100-ден аса облыстық, аудандық айтыс өткізілді. 5 рет республикалық жыршы-термешілер байқауы жеке кәсіпкерлердің көмегімен ұйымдастырылды.

Алайда мұндай зор іс-шараларды жүзеге асырып отырған одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимаратының жоқтығы өкінішті-ақ, — деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да одаққа белгісіз себептермен толық жетпейді.

Ринат Зайытов Үкімет басшысының орынбасарынан жоғарыда айтылғандарды ескеріп, төмендегі мәселеге назар аударуды сұрады:

Алматы қаласынан Қазақстанның айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының атына тұрақты мекенжайы болып бекітілетін ғимаратпен қамтамасыз ету;
Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жартылай тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету.

kznews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста