ҚазҰУ Times Higher Education impact rankings 2023 әлемдік рейтингінде жоғарылады

ҚазҰУ Times Higher Education impact rankings 2023 әлемдік рейтингінде жоғарылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты (ТДМ) бойынша Times Higher Education University Іmpact Rankings-2023 рейтингіне енген қазақстандық ЖОО арасында жалғыз университеттердің бірі.

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ғаламшарды қорғауға бағытталған. Times Higher Education University Іmpact Rankings рейтингінің әдістемесі университеттер қызметінің келесі салаларын талдауға негізделеді: зерттеулер, әлеуметтік бағдарланған бағдарламалар, ресурстарды басқару, университеттің білім беруге қосқан үлесі.

Times Higher Education University Impact Rankings (THEIR) рейтингінде әлемнің 1591 университеті ранжирленді. Бірқатар мақсаттар бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Топ 400-ге енді: ТДМ 1 «Кедейлікті жою», ТДМ 5 «Гендерлік теңдік», ТДМ 6 «Таза су және санитария», ТДМ 10 «Теңсіздікті қысқарту», ТДМ 14 «Теңіз экожүйелерін сақтау», ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау».

Ағымдағы жылы ҚазҰУ ТДМ 5 "Гендерлік теңдік"  бойынша 401-600 позициясынан 301-400-ге,  сондай-ақ ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» бойынша 801-1000-нан 601-800-ге дейін көтеріліп позицияларын жақсартты.

ҚазҰУ ғаламшар ресурстарын сақтауға, сапалы білім мен әл-ауқатқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, инновацияларды дамытуға, экожүйелерді сақтауға бағытталған адамзаттың тұрақты дамуының 17 мақсатын іске асыруға әлемдік академиялық қауымдастықты үйлестіреді және белсенді түрде тартады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымын жаңа лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста