Қазақы ит тұқымдарының стандарты бекітілді

Қазақы ит тұқымдарының стандарты бекітілді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдары – тазы мен төбеттің стандарттарын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стандарт аталған ит тұқымдарының сипаттамасын, өлшемдерін, кемшіліктері мен ақауларын қамтиды.

Мәселен, қазақы тазының бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі – 103.

Төбет шоқтығының биіктігі 60 сантиметрден 70 сантиметрге дейін, қаншықтың шоқтығы – 55 сантиметрден 65 сантиметрге дейін.

Бойының жоғарғы шектен асып кетуі пропорция және стандарттың талаптары сақталған жағдайда ақаулық немесе кемістік болып саналмайды.

Өңі: қара, ақ, түрлі реңкті ақшыл сарғыш, қызыл және сұрдың барлық реңктері. Барлық өңдер тұтас, одан бөлек теңбіл болуы мүмкін.

Тұмсығында, құлағында, аяқтарының ұштарында қара дақтар болуы мүмкін. Күшіктер өсу, жыныстық жетілу барысында түсін және реңін өзгертуі мүмкін.

Жүні жұмсақ, жібек тәрізді, тік, ұзындығы 4,5 сантиметрге (қыста) және 2,5 сантиметрге дейін (жазда) болады, қысқа жүнді түбіті жақсы жетілген.

Саусақтарының арасында қысқа және қатты шаш өседі. «Жарғақ құлақ», «тықыр тазы» сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне (ілгегі мен шашағы жоқ) рұқсат етіледі.

Терісі жұқа, созылғыш, қатпары жоқ. Бұлшық еттері жақсы дамыған, әсіресе белінде, жамбасында, сүйектері мықты, бірақ ауыр емес.

Осылайша құжатта қазақы тазының құлағы, көзі, тісі, аяқтары мен табандарына дейін сипаттама жазылған.

Одан бөлек, қазақы төбеттің де стандарты бекітілді.

Оны күшті және төзімді, басы ауыр, қас үстіндегі және бет сүйектері доғалары жетілген, қаралау мойыны және желкенің төмпешігі бар деп суреттеледі.

Бассүйегі біркелкі кең, сопақша, ұзын. Маңдайы тегіс, орта тұсында кішігірім ойығы бар. Арқасы қуатты, кең, бұлшық еті жақсы жетілген.

Кеудесі: доғал қиылысты, ауқымды, ұзын, терең, жауырыны сыртына қарай кеңейе түскен, шынтағына дейін немесе сәл төмен түсіңкі, шеткі қабырғасы ұзын. Қарны біркелкі тартылған.

Еркін тұрғанда ит өзін бос ұстайды. Қозғалғанда немесе елегізіп тұрғанда шоқтығының жоғарғы жағы тік, серіппелі, берік болып келеді.

Бұлшық еті қуатты, омыртқаның иіндік өсімі білінбейді.

Құйрығы жоғары көтерілген, жуан. Күшік кезінде қысқарып, келтеленеді (көбіне ұзындығының 1/3-ге жуығы қалады). Қысқарып келтеленбеген кезінде орақ тәрізді түсіңкі болады.

Терісі қалың, тығыз, мойын тұсында өзіне тән қатпар бар. Жүні де қалың, ірі, тік, жүн астындағы түбіті жақсы өскен, бірақ ұзын болмайды.

Басында және үстіңгі алдыңғы жақ жүні қысқа, тік өскен, тығыздала жымдасқан.

Мойынындағы ұзын жүн жабыны «жағалық» деп аталады, әсіресе төбеттерде жақсы өседі, бөксесінің артқы жағы «шалбар» іспетті.

Тамағында, мойынасты қатпар тұсында жүні өте қалың әрі тығыз болады.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заңға қол қойған еді.

Стандарттың толық мәтінін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сайтынан оқуға болады.

Аталған бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста