Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады

ҚР Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық, жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


«ҚР Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық, жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуге осы келісімге ҚР Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.


Қаулы жобасында көрсетілгендей, енді қазақстандықтар Вьетнамға, тиісінше ол ел азаматтары Қазақстанға 30 күнге визасыз келе алады.

«Егер адамдар екінші мемлекет аумағында 30 күннен артық қалуға ниет білдірсе, осы мемлекеттің заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға міндеттеледі», - деп жазылған келісімде.


Құжат 2 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Айта кетейік, Тоқаевтың Қытайға сапары аясында екі ел өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста