Egov порталында "Жоба" деген арнайы батырма арқылы "Ашық НҚА"-дағы заң жобалары бойынша ұсыныс жіберуге болады, деп хабарлайды әділет министрлігі.
"Жоба" батырмасы порталда жарияланған нормативтік-құқықтық актінің статусын көрсетіп тұрады.
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, бұл бастама цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп атқарылды.
"Бұған дейін "Ашық НҚА" порталында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған. Алайда қоғам тарапынан осы мәселе халық арасында тиісті деңгейде талқыланбады деген сын-ескертпелер айтылды. Осыған байланысты порталға жаңа батырма енгізіліп отыр", - дейді Уәли.