Қару-жарақ ұстайтын астаналықтар көбейіп келеді - полиция

Қару-жарақ ұстайтын астаналықтар көбейіп келеді - полиция

Елордада қару-жарақ иелері жыл санап артып келеді. Толығырақ Астана қаласы полиция департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Азамат Әмен айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда халқы жыл санап көбейіп келеді, тиісінше қару-жарақ иеленушілердің де саны көбейді. Астанада қару-жарақ ұстайтын адамдар жылына 500-ге артады. Жалпы сұраныс бар. Біреулер жеке басын қорғау мақсатында алса, екінші бір топ спорт үшін, тағы біреулер аң аулауға алып жатады. Негізінде қару ұстауға рұқсат жоғарыда аталған үш мақсатқа беріледі», – деді Азамат Әмен полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, инспектор қару-жарақ қолданып жасалатын қылмыстардың азайғанын айтып отыр.

«Елордада мұндай қылмыстар азайды. 2015 жылдан бері травматикалық қаруды сатып алу акциясы өтіп келеді. Содан бері қарумен жасалған қылмыс саны айтарлықтай төмендеді. Мектепте қару-жарақты қолдану бойынша профилактикалық шара өткізіліп тұрады. Сонымен қатар қару-жарақ дүкендерінің иелеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады», - дейді ол.

Айта кетейік, елордада 10 сәуірде тіркелмеген қару-жарақты сатып алу акциясы басталады.

Оның аясында астаналықтар қару-жарақты өз еркімен полицияға тапсырып 34 500 теңгеден 345 мың теңгеге дейін сыйақы ала алады.

Сыйақы қарудың түріне, санатына және сақталу жағдайына қарай белгіленеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста