Қаңтар оқиғасы мемлекеттік төңкеріс әрекеті болды – Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы мемлекеттік төңкеріс әрекеті болды – Бас прокуратура

Мәжілістің биылғы бірінші жалпы отырысы «Қасіретті Қаңтар оқиғасын» талқылаудан басталды. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының өткен жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға қатысты сауалына Бас прокурор Берік Асылов жауап берді.

 
«5 қаңтар күні қасиетті Тәуелсіздігімізге орасан зор қатер төнді. Бұл мемлекеттік төңкеріс әрекеті болды. Көптеген ірі қаладағы ғимараттар өртке оранып, астан-кестең болды. Басты құндылығымыз адам өміріне қауіп төнді. Президенттің қабылдаған батыл қимылдарының нәтижесінде елге  төнген қауіп-қатердің беті қайтты», - деді Берік Асылов.


Өз сөзінде Бас прокурор елімізде бейбіт митинг өткізу мәдениеті ақсап тұрғанын жеткізді.

«Өкінішке қарай, қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениеті қалыптаспағандығын мойындауымыз керек. Адамдар жиналып, көшеге шыққан кезде «Бейбіт митинг туралы» заңның барлық нормасы бұзылды. Ұйымдастырушылар әкімдікті хабардар етпей, мыңдаған адамды жинады. What’sApp, Telegram арқылы тәртіпсіздікке қатысушылардың жиналуы мен қозғалысын үйлестірген. Алматыда санаулы сағат ішінде бір топтың өзінде қатысушылар саны 5 500-ға дейін көбейді. Сол сияқты Жамбыл облысында қатысушылардың саны 4 000-ға дейін өсті. Адамдар полицияның заңды талаптарын орындамай, қарсылық көрсетті, өртеді, тонады және күш қолданды. Бұл – нағыз қылмыс », - деді Бас Прокурор.

azattyq-ruhy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста