Қалыңдықтың құпиясы. Қазақстандық ер адам әйелін сотқа берді

Талап қоюшы «А» некені жарамсыз деп тану туралы жауапкер «Б»-ға қатысты талап қойып, сотқа жүгінді. Ол осы орайда шамамен 5 жыл бұрын Дубай қаласында жауапкермен некеге тұрғанын, некенің елшілікте, содан кейін ҚР аумағындағы АХАТ органында тіркелгенін алға тартты. Олар бірге тұрған кезеңде ортақ балалары дүниеге келген, - деп хабарлайды Алаш айнасы Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Одан кейін отбасы Грузияға қоныс аударып, онда олар сол елде тұруға рұқсат алған.

Алайда, құжаттарды алған кезде «А» зайыбы «Б»-ның 7 жыл бұрын Тбилиси қаласында Грузия азаматымен некеге тұрғанын білді.

Талап қоюшы осы жағдайға орай сотта зайыбының некеде тұрғаны туралы ештеңе білмейтінін түсіндірді.

Сот «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Соттардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қараған кезде заңнаманы қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 нормативтік қаулысының нормаларына сілтеме жасай отырып, қойылған талапты қанағаттандырды.

Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығында «А» мен «Б» арасында 2018 жылы тіркелген некені сот жарамсыз деп таныды. 

Жауапкер «Б» Астана қаласының сотына апелляциялық шағыммен жүгінді.

Апелляциялық сатыдағы сот сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста