Путинге шағымданған солдаттар Украинада орасан зор шығынға ұшырады

Ресей президенті Владимир Путинге видеомәлімдеме жасаған полк Украинаның Авдеевка ауданында орасан шығынға ұшырады. Бұл жөнінде солдаттардың туыстарына сүйенген "Сибирь.Реалии" сайты жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Путинге жолдаған видеомәлімдемесінде олар өздерін тиісті дәрежеде дайындықтан өткізбей, артиллерия және барлаумен қамтамасыз етпей соғысқа жібере салғанын айтқан.

Азаттықтың мәліметінше, аталған 1439-полк негізінен Иркутск облысынан мобилизацияланғандардан құралған. Әскери қызметкерлер үш рет басшылыққа мәлімдеме жасаған. Олар өздерін "ДХР" атты славян бригадасының қарамағына жібергенін, ондағылар өздерін тиісті дәрежеде жабдықтармен қамтамасыз етпей, соғысқа жібере салғанын, ал барудан бас тартқандарды автоматпен атып жатқанын айтқан.

Солдаттардың сөзіне қарағанда, оларды территорияны қорғауға жіберуге уәде берген, алайда өмірі соғысып көрмеген тәжірибесіз солдаттардан штурмдық жасақ жасап шығарған.

Туыстарының айтуынша, қазір полк "толық-дерлік жойылған": бірнеше адам жараланған, қалғаны опат болған. Кейбірі із-түзсіз жоғалған. Мобилизацияға ұшырағандардың әйелдеіә мен балалары мәлімдеме жасап, Путиннен аман қалғандарына көмектесуді сұраған.

“Менің күйеуіме жарықшақ тиген екен, ауруханада жатыр. Айтуынша, полктегілердің бәрі өлген. Әзірше тек екі адам ғана жараланған, қалғаны опат болған немесе жағдайы ауыр күйде сол жақта қалған. Оларға тек бір апта ғана береді. Одан кейін қайтадан алға жібереді”, – дейді мобилизацияланған солдаттың әйелі Светлана (аты өзгертілді).
Мобилизацияға ұшырағандардың айтуынша, басшылық майдан алаңынан жеңіл жарақат алғандарын ғана алып кетеді. Ал ауыр жараланғандар мен өлгендерді сол жақта тастап кетеді, себебі қайта барса "техникаларын жоғалтам деп қауіптенеді".

"Скала" атты полк жетекшісінің өкілі басшылыққа "кешегі жүргізушілер мен дәнекерлеуші, жиһаз жасаушылар мен металл жинаушы элиталық арнайы жасақ қатарына кіре алмайды" дегеннен кейін әскери полиция оны ұстаған.

26 ақпанда Иркутск облысынан соғысқа барғандар Путинге екінші рет мәлімдеме жасағаннан кейін облыс губернаторы Игорь Кобзев оларды "жаңа орынға ауыстырады" деп мәлімдеген.

Ресейде мобилизацияға ұшырағандар бұған дейін де жағдайларының нашарлығына, оқ-дәрі жетіспейтініне, басшылықтың күш көрсетуіне шағымданған. Кейбірі Украинада соғысудан бас тартқан.

BBC-дің Орыс қызметінің жазуынша, соңғы үш айда соғыста қаза болғандардың едәуір бөлігі – мобилизацияға ұшырағандар, еріктілер мен түрме тұтқындары. Журналистер соғыс басталғалы бері 13 мың ресейлік өлгенін құжатпен растата алған. 924-сі– мобилизация кезінде соғысқа алынған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста