Полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні қылмыс үстінде ұстады
Павлодарлық полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні қылмыс үстінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қырағы полицейлер автомагнитолланы ұрлаған күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады.
– 24 қаңтарда сағат 01:10-да автопатруль әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде Бакинск көшесі бойындағы үйдің ауласында салон ұрлығы фактісі бойынша шақырту алды. Ауди көлігінің салонынан автомагнитолла және басқа да заттар тоналғаны анықталды. Осы шақыртумен жұмыс жасау барысында патрульдік полиция батальонының инспекторлары Қамзин көшесі бойындағы 6 үйдің маңында екі ер адамды ұстады. Қалалықтардың сөмкесінде ұрланған заттар табылғандықтан полицейлердің күдігі расталды. Одан әрі тексеру үшін ұсталғандар Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөліміне жеткізілді – деп хабарлады Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Полицияда осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. Жыл басынан бері Павлодар облысы бойынша 67 ұрлық тіркелген, олардың барлығы бойынша тергеу жүріп жатыр.