Пилоттық жоба: шілдеден бастап «Яндекс.Такси» жүргізушілері салық төлейді

Пилоттық жоба: шілдеден бастап «Яндекс.Такси» жүргізушілері салық төлейді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Жобаның маңыздылығы интернет-платформалар арқылы жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту болып табылады. Осындай интернет-платформалардың бірі – «Яндекс.Такси». Белгілі болғандай, оларман тиісті келісімге қол қойылған.

«Яндекс» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады. Ол үшін азаматтарға «e-salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.


Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына («Яндекс.Такси») жүктелетін болады», - делінген хабарламада. 


Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.

Интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізетін болады.

«Жоғарыда аталған тетіктерді іске асыру мақсатында қазіргі уақытта «Яндекс.Такси» және Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін техникалық интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту жолымен «Яндекс.Такси» мобильді қосымшасында тіркелу рәсімін жеңілдету жоспарлануда. Дайындық рәсімінің аяқталуы және пилоттың толық іске қосылуы 2023 жылдың 1 шілдесінен басталады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста