Өзбекстан өз тұрғындарына Қазақстанға бармауды ескертті
Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанға бармауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомство хабарлағандай, бүкіл Қазақстан бойынша қатты аязға байланысты Қазақстан автожолдарында қиын жағдайға тап болған адамдардың өтініштері жиілеп кетті.
"Баяндалғандарды ескере отырып, Өзбекстан азаматтарына ауа-райы тұрақталғанша автокөлік құралдары мен автобус қатынасы арқылы Қазақстан аумағы арқылы саяхаттаудан бас тартуды ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Министрлік Өзбекстанның дипломатиялық миссиялары ҚР-дағы отандастармен және тиісті органдармен тұрақты байланыста екенін атап өтті.
Айта кетсек, синоптиктер 13 қаңтарда еліміздің тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.