Министр колледждерге академиялық дербестік беру туралы айтты
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің колледждеріне академиялық еркіндік берілді. Бұған дейін де жоғары білім саласында осындай өзгерісті жүзеге асырған болатынбыз. Қазір енді мұның дұрыс шешім болғанын сенімді түрде айтуға болады - деп жазды Оқу-ағарту министрі Асқар Аймағамбетов телеграм арнасында.
Академиялық еркіндік деген не?
Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезінде колледждер жалпы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына байланысты болатын. Олардың мазмұнын 50%-ға дейін өзгертуге рұқсат етілді. Сондай-ақ оқу жоспарының бөліктері оқу мерзіміне байланысты болатын. Ал жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл көбіне ресми болып, кәсіби тәжірибелерді жүргізу және олардың мемлекеттік аттестация комиссияларының құрамында болуы қажет болды.
Оқуын аяқтаған түлектерді жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілердің колледждермен бірлесіп жұмысқа қабылдау кезінде олардың сұраныстарына сәйкес келетін білім беру бағдарламалары мен практикалық сабақтарды әзірлеуге толық мүмкіндігі болмады.
Енді колледждерге берілген академиялық еркіндік бұл жағдайды түбегейлі өзгертеді. Ал студенттердің алған білімдері тәжірибе жүзінде қолданыла бастайды.
Біріншіден, жаңа ережелер бойынша жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға тікелей қатысады. Яғни колледждер оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жалпы бекітілген стандарт бойынша емес, еңбек нарығының, кәсіптік стандарттың, өңірлік ерекшеліктердің және т.б. сұраныстарына қарай әзірлей алады.
Екіншіден, колледждерге оқу мерзімін анықтау құқығы берілді.
Егер бұрын оқу мерзімі екі жылдан төрт жылға дейін өзгеріп, нақты бекітілсе, енді ол мамандықтың ерекшелігіне және оқу нәтижелеріне байланысты болады.
Нәтижесінде біз колледждерде студентке бағытталған орталық қағидасын қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ студенттердің мамандықты таңдау мүмкіндігі кеңейіп келеді.
Біз стейкхолдерлердің (мүдделі тарап) өздерін тарта отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу олардың колледждердегі білім сапасына көзқарасын жақсарта түседі деп есептейміз.
Колледждердің білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірлесіп әзірлеу алгоритмі қандай болады?
Ол мамандықтар бойынша қажетті құзыреттерді анықтауды, кәсіптік стандарттардың талаптарына және жұмыс берушілердің үмітіне сәйкес келетін оқыту нәтижелерін анықтауды; құзыреттердің өзара байланысын, бағалау әдістері мен өлшемдерін анықтауды; білім алушылардың қажеттіліктерін зерттеуді; білім беру бағдарламасын толыққанды іске асыру үшін ресурстарды айқындауды қамтиды.
Әзiрленген бiлiм беру бағдарламалары сараптамадан өтіп, одан кейін барлығына қолжетімді бiлiм беру бағдарламаларының электронды тiзiлiмiне енгiзіледі.