Мемлекеттік сатып алуды «май шелпек» қылудың жолы кесілді
Мемлекеттік сатып алудың айналасында заңсыздық көп.
Түркістан облысының прокурорлары кезекті заңсыздықтың жолын кесті. Құзырлы орган өкілдерінің араласуымен заң талаптарын өрескел бұзған, құны 7 млрд теңгеден асатын 100-ден астам мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Зерделеу барысында кейбір тапсырыс берушілердің сатып алу тәсілдерін дұрыс қолданбай, қатысушыларға артық талап қойғаны анықталды. Нәтижесінде 50-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылып, мемлекетке 15 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Санжар Шильмирзаев, облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры: - 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап, Президенттің тапсырмасына сәйкес, сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді. Ол рейтингтік балдық жүйе деп аталады. Ол жүйеде конкурстық комиссия құрылмайды. Барлығы автоматты түрде өтуі керек. Осы мәселе облыс Прокуратурасының алқа отырсында қаралды. Мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.