Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті
Шетелдік көліктерді заңдастыруға құжат қабылдайтын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Енді аталған мекемелер дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Орталықтар азаматтарды 2023 жылдың 6 ақпанына дейін осы кестеге сәйкес қабылдайды, ал кестенің өзгергені туралы қосымша хабарланады.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайын мына жерден көруге болады.
Шетелдік көліктерді заңдастыру процесі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу