Ірі қалаларда бекеттер қойылып, көліктерді пайдалануға тыйым салынады

Ірі қалаларда бекеттер қойылып, көліктерді пайдалануға тыйым салынады

Әлеуметтік желілерде ірі қалаларға бекеттер қойылып, көліктерді пайдалануға тыйым салынатыны туралы жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жақын арада көптеген ірі қалалар секторларға бөлініп, тұрғындарды көрікті жерлерден, достарынан, тіпті отбасынан ажырататын бекеттер орнатылатыны туралы хабарланды. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндірейік.

Бұл жерде «15 минуттық жердегі қала» тұжырымдамасы туралы айтылып отыр. Яғни, ірі қалалар шартты түрде адам жаяу 15 минутта немесе велосипедпен 5 минутта жете алатын аймақтарға бөлінеді. Осындай аймақтардың әрқайсысында жайлы өмір сүруге қажет нәрсенің бәрі болуы керек: саябақтар, мектептер, ауруханалар, дүкендер, дәмханалар, театрлар және т.б.. Бұл ретте тұжырымдама авторлары бірдей орындарды әртүрлі мақсаттарда пайдалануды ұсынады. Мысалы, мектеп алаңы демалыс күндері қоғамдық саябаққа айналуы мүмкін.


Тұжырымдамада аймақтар арасында бекеттер орнатып, қозғалысқа тыйым салу қарастырылмаған.


Кейбір қалаларда белгілі бір аудандарда жүру үшін жеке көлікті пайдалануға уақытша тыйым салынуы ықтимал, бірақ бұл осы аумақтарға баруға шектеу қойылатынының белгісі емес. Мұндай шаралар Англияның Оксфорд қаласында қабылданған. Онда белгілі бір уақытта қала орталығына жеке көлікпен кіруге тыйым салынған. Алайда, таксимен, қоғамдық көлікпен, велосипедпен немесе жаяу еш кедергісіз баруға болады. Мұндай шаралар қала орталығындағы жолдарға түсетін жүктемені азайтуға және жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

«15 минуттық жердегі қала» тұжырымдамасының артықшылықтарына қарамастан, оған қарсы шыққандар да бар. Кейбір адамдардың пікірінше, мұндай урбанизация 15 минуттық жердегі жылжымайтын мүлік пен басқа тауарлардың айтарлықтай қымбаттауына әкеледі және табысы төмен адамдарды қаланың шетіне көшуге мәжбүр етеді. 


Дегенмен, бұл идеяға қарсы шыққандар да аудандар арасында бекеттер қойылады немесе қозғалысқа тыйым салынады деп мәлімдемейді.


Демек, конспирологтар мұндай хабарламаларды ойдан шығарған, оған сенбегеніңіз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста