Ғаламтордың қарыштап дамыған заманында әлеуметтік желі арқылы өз ойын айтып, өткір пікір білдіретіндердің саны көбейіп келеді. Бұл жолы қазақ қызы 30 жастан асса да жетістікке жетпеген жігіттерді оңдырмай сынаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Қазнетте қызу талқыланған видеода әлгі қыз қазіргі жігіттерге көңілі толмайтынын айтып, өзінің өткір пікірін білдірген.
Танысуға барсаң, горилла ішіп, "таксовать" еткеніне мәз болып жүрген жігіттер. Жетістіктері сол — машиналары. Тіпті керемет көлік те емес, максимум Сhevrolet немесе Нyundai. Үйленгеннен кейін менің үйімде тұрмақшы ма? Сонда 30-ға дейін не істеген?, — деп ашуланды қазақ қызы.