Ғалым зілзала кезінде тоңазытқыш маңы аман қалуға мүмкіндік беретін-бермейтінін айтты

Желіде зілзаладан кейін үйінділерді аршу жұмысы сәтінен түсірілген суреттер тарады. Онда, көбіне тоңазытқыштардың аман қалғаны көрінеді. "Соған қарағанда адамдардың тоңазытқыштың маңын паналағаны жөн болар" деген пайымдар айтылып жатыр. Осыған қатысты Zakon.kz маман пікірін сұрап көрді.


"Ғылыми сынақтар орталығы" ЖШС директоры әрі өнертапқыш Сергей Старковтан бірнеше күн бойы желіде "жүрген" фотосуреттер туралы не ойлайтынын сұрадық.  

"Бұл арада гипсокартонның құлағанын көруге болады, ал ол қорабының қалыңдығы 0,5 мм-ден аспайтын қаңылтыр металдан жасалған әрі 150 келіден артық жүкке төтеп бере алмайтын тоңазытқышқа көп салмақ түсірмейді. Стандартты бөлменің бетон жабындысы ауданы мен қалыңдығына байланысты 6-10 тонна болып келеді. Тоңазытқыш мұндай салмаққа төтеп бере алмайды. Ал егер тек төбедегі гипсокартон түсіп кетсе, онда ол оған шыдайды деп болжауға болады. Интернеттегі суреттен гипсокартонның көлбеу құлағанын және тоңазытқыш маңында ашық кеңістік қалғанын көруге болады. Ондайда, әрине жанындағы адамның тірі қалуы мүмкін деп айтуға болады. Бірақ жоғарыдан қалыңдығы 20 см бетон құласа, тоңазытқыштың аман қалатынына ешкімдік кепілдік бере алмайды", - дейді Сергей Старков.

Сондай-ақ, ғалым әлі күнге дейін капитальды қабырғаның бұрышына эмбрион позасында отыра қалу немесе жата қалу қауіпсіз болып табылатынын жеткізді.

"Капиталды қабырға, яғни кейіннен қосылған емес, әу баста, құрылыс жүргізілгенде тұрғызылған қабырғада болу аман қалуға көмектесе алады, оны "қауіпсіздік үшбұрышы" деп те атайды. Сондай-ақ, есіктің тұсы. Көбіне, құрылыс кезінде есіктің жоғары жағына тіреуіш қойылады. Кейіннен ол араға металл тіреуіштер пайдаланылып жүр. Металл болса, тіптен жақсы. "Үстіме не құлайды" деп аңтарылып тұрғаннан екі жақтауынан ұстап, есік астына барып тұра қалған да жөн. Тіреуіші ағаш болса, шытырлап, сына бастайды, әрине", - деді Сергей Старков.


Кейбір нұсқаулықтарда диван, төсек секілді ауыр заттың алдына ұзыннан ұзын сұлай кетуге кеңес беріледі. Мұны өнертапқыш, жоғарыдан құлаған заттарды олар ұстап қалып, белгілі бір қуыс орын туғыза алуымен түсіндіреді. Бірақ, бұл арада да 100 пайыз кепілдік жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста