Елімізде IT мамандарының жалақысы бір жылда 65% өскен

Елімізде IT мамандарының жалақысы бір жылда 65% өскен

Бір жылда Қазақстандағы IT мамандарының жалақысы 65%-дан астамға өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
DataHub Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, мұндай өсім ресейлік қызметкерлердің қоныс аударуына байланысты болған.

«2023 жылдың бірінші тоқсанында бағдарламалау, кеңес беру және басқа да ілеспе қызметтер саласындағы орташа жалақы 790,6 мың теңгені құрады. Жалақы бір жылда 313,5 мың теңгеге немесе 65,7 пайызға өсті. Өткен тоқсанда 125,7 мың теңгеге немесе 18,9%-ға өскен болатын», - дейді сарапшылар.
Бюро мәліметінше, ІТ экономикалық қызметтің ең көп төленетін төрттігіне кіреді. Алдыңғы орындарда әуе жолаушылар транспорты (942 мың теңге), бас компаниялардың қызметі мен консалтинг (935,6 мың теңге), теңіз және жағалаудағы жүк транспорты (935,9 мың теңге) қызметтері тұр.

Ақпараттық технологиялар саласындағы орташа жалақы қаржы және сақтандыру секторларына қарағанда 188,5 мың теңгеге артық. Ал тау-кен өнеркәсібінен 24 мың теңгеге артық болып отыр.

DataHub 2023 жылдың бірінші тоқсанында ІТ-қызметкерлердің нақты саны 14,4 мың адамды құрағанын атап өтті. Яғни, бір жылда 15,6 пайызға өскен. Жалпы саны – 15,2 мың адам.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста